Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Таразда тағы үш жоба мақұлданды

5 сәуip 2012 ж., 18:36

Тараз қаласында «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының «Жаңа бизнес жобаларды қолдау» бірінші бағыты аясында Екінші деңгейдегі Банктерден алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша жаңа келісім- шарттарға қол қойылды.

Шу қаласында орналасқан темірбетон плиталарын шығаратын «Әділет Құрылыс компаниясы» ЖШС-і өндірісті жаңғырту үшін бетонды араластыру қондырғысын алуды жоспарлап отыр. Жеке кәсіпкер К. Алдекенова өзінің жобасы бойынша қонақ үй ашу үшін бұған дейін бильярд залы орналасқан ғимаратты қайта жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Өндірістік құрал жабдықтарды шығарумен айналысатын «Таразкоммаш» ЖШС-і кір жууға арналған өндірістік құрал-жабдықтарды шығаруды арттыру мақсатында жаңа құралдарды алуды жоспарлап отыр.

Субсидиялау келісім шарты аясында аталған жобалар бойынша мемлекет тарапынан бұған дейін алынған несиелердің 7 пайызы төленеді, қалған соманың пайызын кәсіпкер өзі төлейді. Бұл жағдайда алынған несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 14% аспауы керек.

Осы уақытта Жамбыл облысында «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасын іске асыру аясында 35 жоба мақұлданып, оның 29 жоба бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау келісім-шарттарына қол қойылды.