Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Анонстар

Оқу бойынша қатысушылардың шығыны республикалық бюджет есебінен төленеді. Компоненттер аяқталған соң кәсіпкерлерге Назарбаев Университетінің Дьюк Университетімен біріккен оқу курсын табысты бітіргендігі жөнінде сертификат беріледі.

Іс-шара өзін-өзі қамтыған немесе қажетті кепілмүлкі және несие тарихы жоқ жұмыссыз азаматтардың несиелендіруге қолжетімділігін арттыру мен жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ұйымдастырылуда.
Іс-шара мақсаты: бастауыш кәсіпкерлердің өз бизнесін бастау мен кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу бағытында білімдерін арттырып, машықтандыру болып табылады.
Кездесуге құрылыс саласындағы компаниялар мен мердігерлер шақырылады.
Шеберлік сабағы шағын бизнестің: авто жуу, дәмхана, мейрамхана, сұлулық салондары, фитнес-клуб, балабақша, асхана және шағын өндірістің өкілдеріне арналған.

Шеберлік сабағын сертификатталған бизнес-тренер, сату академиясының басшысы Айгерім Ахметжанова өткізеді. Кездесуге кәсіпкерлер және компания басшылары шақырылады.

Құрметті Қызылорда облысының кәсіпкерлері! «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бухгалтерлік және салық есебі бойынша тегін қызмет көрсетілуде.
20-26 ақпан аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Startup Академиясы» жобасы аясында стартапшылардың бизнес-идеялары үшін қолайлы жағдайлар жасау және оларды дамыту бойынша оқыту басталады.
20-23 ақпан аралығында Тараз қаласы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында өз ісін сенімді бастағысы келетін Жамбыл облысының тұрғындарына арнайы «Жаңа бизнес ашуды қолдау» оқулары өтеді.
Шара барысында Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының, Жастар ресурстық орталығының, «Жас Отан» жастар қанатының және Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламаларға қатысу механизмдерін түсіндіретін болады.