Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Кәсіпкерлікті дамыту – мемлекет назарындағы маңызы бар іс

1 маусым 2012 ж., 18:10

Ағымдағы жылдың 29-30 мамыр күндері Атырау облысына Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда Министрлігі кәсіпкерлікті дамыту комитеті Төрағасының орынбасары Бақытжан Сәркеев іссапармен келді.

Іссапар Атырау облысы әкімдігінің ғимаратында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік мекеме өкілдері және екінші деңгейлі банк филиалдарының басшыларымен кездесуден басталды. Басқосу барысында бағдарламаның Атырау облысында жүзеге асырылуы жайлы және енгізілген өзгерістер туралы, жетістіктер мен қиындықтар туралы мәселелер қозғалды.

Түстен кейін іссапар шағын несиелеу ұйымдары, қоғамдық бірлестік, әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорация басшыларымен кездесу түрінде жалғасты. Жүздесу барысында олардың шағын және орта бизнесті дамытудағы рөлі және мүмкіндіктері туралы мәселелер талқыланды.

Бұдан кейін мейман «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушы «Медикер» ЖШС-і ғимаратын және Бизнес-инкубаторды аралап шықты. Күн соңында «Қазақстан-Атырау» облыстық телеарнасында «Әлеумет» бағдарламасында тікелей эфирде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша және оған енгізілген өзгерістер жөнінде сұхбат беріп, телекөрермен сұрақтарына жауап берді.

Ал іссапардың соңғы күні Қазақстандағы ірі кенішті игеруші «ТенгизШеврОйл» ЖШС-і ғимаратында аймақтағы Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша өткен басқосу нәтижесінде ҚР Экономикалық даму және сауда министрілігі, «ТенгизШеврОйл» ЖШС, Атырау облысы әкімдігі және «Даму» қорының Атырау облыстық филиалының өкілдері хаттамаға қол қойды. Хаттама негізінде Атырау облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өзара бірлескен іс-шаралар жоспары жасалып, жұмыс тобы құрылмақшы.