Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Бур-Найдың» көмегі

Мұғалжар ауданы Ембі қаласының тұрғыны Жұмалы Дүйсембаев «Даму» қорының Ақтөбе облыстық аймақтық филиалы «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында аяқ киім жөндеу шеберханасына арналған өндірістік тігін машинкасын алды.

І топтағы мүгедек Жұмалы Дүйсембаев аяқ киім жөндеу кәсібімен 30 жылдан бері айналысады. Ембі қаласында өзінің шағын шеберханасы бар.

Өз кәсібін кеңейтіп, көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату үшін оған аяқ киім тігуге арналған өндірістік тігін машинкасы қажет болған. Осыған орай «Даму» қорының мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге көмек көрсетуге бағытталған «Даму-Көмек» бағдарламасының бар екендігін естіп, өтінішін жазып, нәтижесінде қалаған көмегіне қол жеткізді.

Демеушілік көмекті жүк тасымалы және автокөлік қызметімен айналысатын «Бур-Най» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көрсетті. Кәсіпорын басшысы Болатбек Кемелбаевқа «Даму-Көмек» бағдарламасы шеңберінде демеушілік көмек көрсеткендігі үшін «Даму» қорының арнайы Алғыс хаты табыс етілді.