Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«БЖК-2020» - қосымша мың адамның тануы

11 шiлде 2012 ж., 17:18

Өткен айдың соңында Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына арналған ауқымды акция өтті. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ барлық филиалдары осы күні, 29 маусымда, «Нұр Отан» ХДП филиалдарының қабырғасында еліміздің азаматтарын қабылдады және мемлекеттің қолдауымен бизнесті жүргізу артықшылығы жайлы айтып берді.

Танысып-білу шарасынан бөлек, іс-шара практикалық сипатта да өткізілді. «Нұр Отан» партиясы және «Даму» Қорымен ұйымдастырылған Сұхбат алаңына мемлекеттік органның, даму институттарының, банк өкілдерімен қатар, екінші жағынан, кәсіпкерлер де жиналды. «Ашық есік күніне» еліміздің барлық қалалары бойынша 1000 астам адам келді.

Қазіргі уақытта мемлекетіміз Қазақстан кәсіпкерлері үшін теңдесі жоқ қолдау шараларын ұйымдастырып отыр. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының өзі ғана кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, өндіріс инфрақұрылымын дамытуға, сервистік қолдау көрсетуге, салық жеңілдіктерін ұсынуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының механизмдері мен талаптарын жетілдіру бойынша өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты ШОБ субъектілері құзырлы ақпарат дереккөздеріне тікелей хабарласуға мүмкіндік алды.

Кәсіпкерлерді коммерциялық банктердің кепілзат саясатын ырықтандыру, жобаларды қарастыруда шешілетін процедураларды оңайлату, кәсібін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерді қолдау сияқты мәселелер де қызықтырды. Сонымен қатар «БЖК-2020» бағдарламасының өндіріс инфрақұрылымын дамыту, ШОБ сервистік қолдау, Бағдарламаның басым салаларының тізбесін ұлғайту сияқты бағыттары да біршама қызығушылық танытты. Бизнесмендер өздерінің барлық сұрақтарына толық қамтылған жауап алды.

Ашық есік күніне келгендердің барлығы іс-шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді және осындай іс-шараларды үнемі өткізіп отыру қажеттілігін алға тартты.