Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Жол картасының» жемісі

27 қыркүйек 2012 ж., 18:40

Атырау шаһарында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында субсидияланған «НПЦ ЭКО Аналитик» ЖШС-нің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болды.

Ашылу салтанатына кәсіпорынның серіктес компания басшыларымен «Даму» қорының Атырау филиалының директоры Ербол Қайранбаев, «Ресей Жинақ Банкі» Еншілес банкі» АҚ Атырау филиалының директоры Мұрат Асқаров та қатысты.

Ғимараттың салтанатты ашылу лентасын аталмыш кәсіпорынның директоры Еркін Базарбаев және филиал директоры Ербол Қайранбаев қиды.

Жалпы кәсіпорын 2006 жылы Каспий өңірі ғылыми-өндірістік орталығының негізінде құрылған. Негізгі қызметі Қазақстан Республикасы территориясында қоршаған ортаға келтірілетін зиянды зерттеу. Қазіргі кезде кәсіпорын өңірдегі «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» ӨФ» және тағыда басқа ірі кәсіпорындардың тапсырыстарын орындаумен айналысады.

Өз кезегінде кәсіпорын директоры Базарбаев Еркін мемлекет тарапынан берілген көмектің арқасында көрсетіп отырған қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік алғанын айтып, алғыс білдірді.