Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Көкейдегі көп сауалға жауап табылды

Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданында шағын және орта бизнестің өкілдері «Кәсіпкерліктің мемлекеттік қолдауы» семинарына қатысып, біліктіліктерін арттырды. Бұл шараны «Даму» Қорының аймақтық филиалы ұйымдастырған болатын.

Аталмыш басқосу барысында: керекті кепіл болмаған жағдайда, қаржыландыру соммасын қалай алуға болады, қандай мемлекет тарапынан ШОБ-ты қаржылық қолдау бағдарламалары қазір жұмыс істеп жатыр, оған қандай банктер қатыса алады, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қалай қатысуға болады деген сынды сауалдарын кәсіпкерлер ортаға салды. Міне осы сынды маңызды сауалдарға «Даму» Қорының жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері Ирина Васильева және Диана Хасановалар егжей-тегжей жауап берді.

Жиын барысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында қатысудың шарттары, оның ішінде Бағдарламаның төртінші бағыты – бизнес-жобалардың конкурсы, 3 млн. теңгеге дейін көлемінде грант алу кәсіпкерлердің қызығушылықтарын тудырды.

Өңдеу саласында нәпақасын тауып жүрген кәсіпкерлердің назары «Даму-Өндіріс» бағдарламасына да ауды.

Шара ауылшаруашылық жерлердің бизнес өкілдеріне бағытталған болғандықтан, кеңесшілер кепілдік жетіспеген жағдайда банкте несие алу үшін «Даму» Қорының кепілдігін алу мүмкіндігіне көп көңіл бөлді.