Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Оқушылар кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерді

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан университетінің жанындағы колледжінің оқушылары үшін «Кәсіпкерлік негізі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шара Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілері тарапынан және колледждің әкімшілігінің көмегімен ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар жұмысына «Экономика», «Есеп және аудит» және «Қаржы» бөлімдерінің бітіруші курсттарының студенттері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар әлеуетті кәсіпкерлер ретінде өз мүмкіндіктерін бағалауларына жағдай жасалып, кәсіпкерліктің түрлі құқықтық-ұйымдастыру формалардың айырмашылықтарымен шынайы мысалдарда ұғындырылды. Қатысушылар үшін инновациялық бизнес-жобалардың конкурстары, кәсібін жаңа бастайтын кәсіпкерлер үшін гранттарды ұсынудың шарттары, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Төртінші бағыты», кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құралдары жайлы толық мағлұмат берілді.

Бұл шара жастардың кәсіпкерлік қызметіне назарын аударту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Оқушылардың есептеуінше өз бизнесін ұйымдастырғаннан кейін пайда болатын жауапкершілік алдындағы үрей, сонымен қатар тәжірибенің болмауы және бизнесті жүргізудің дағдысының кемдігі кәсіпкерлік белсенділіктің төмен деңгейде болуының негізгі себебі.

Шара соңында қатысушылар колледждер мен ЖОО-да тренингтер мен іскерлік ойындар түрінде кәсіпкерліктің бастамаларына, сонымен қатар оқыту бағдарламасына «Кәсібін жаңа бастайтын кәсіпкер курсын» енгізу бойынша өз тілектерін білдірді.