Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Ақтөбеде бастауыш кәсіпкер үшін жедел кепілдеме бойынша алғашқы келісімге қол қойылды - Бизнестің жол картасы-2020

Ақтөбеде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін алғашқы жедел кепілдеме келісіміне қол қойылды.

Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына бірқатар оң өзгерістер, атап айтқанда, бастауыш кәсіпкерлер үшін «мемлекеттен жедел кепілдеме» ұғымы енгізілді.

«Егер жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін БЖК-2020 бағдарламасы бойынша мемлекеттен берілетін кепілдеме несиенің 50 пайызға дейінгі сомасын құраса, бастауыш кәсіпкерлер үшін 20 миллион теңгеге дейінгі көлемде алатын несиелерге мемлекеттің 70 пайызға дейінгі кепілдемесі беріледі», - дейді «Даму» КДҚ» АҚ Ақтөбе облысы бойынша АФ-ның бас менеджері Берік Нұрғалиев.