Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Жаңа зауыт іске қосылды

Жезқазғанда «Қазтехсүзгі» зауыты ашылды. «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржыландырған бұл жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

GRP-group консорциумы құрамындағы «Қазтехсүзгі» ЖШС жеңіл және жүк көліктеріне, автобустар мен түрлі арнайы техникаларға арналған отын және май сүзгілерін шығаратын болады.

Зауыттың жобалық қуаты – жылына 150 мың сүзгі. Индустрияландыру картасына енгізіліп, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдауға ие болу компания үшін үлкен көмек болды. «Мен кәсіпкерлікпен айналыса бастаған 1992 жылы банктердің жағдайы төмен еді. Мұндай ірі жобаларды көтере алмайтын. Бүгіндері «БЖК – 2020» бағдарламасының арқасында көп шаруа жасауға болады. Сонымен қатар, үстемелерді субсидиялау – бизнес үшін қарызды біршама азайтудың тамаша мүмкіндігі», – дейді «GRP-group» консорциумының бас директоры Вольдемар Подлих.