Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерді қолдаудың төртінші орталығы ашылды

16 наурыз 2013 ж., 19:21

15 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында «Даму» Қорының жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығы (КҚО) өз жұмысын бастады.

Дәл осындай орталықтар облыстағы Зыряновск және Серебрянск қалаларында былтырғы жылдың қараша айының 15-і күні кәсіпкерлерді қабылдай бастаған болатын. Естеріңізде болса, КҚО ашу, Моноқалаларды дамыту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Ал «Даму» Қоры өз кезегінде Кәсіпкерлердің хабардарлығын арттыру тұжырымдамасын дайындап шыққан болатын.

Бұл тұжырымдамаға сәйкес, кәсіпкерлерге кешенді қызмет көрсететін үш деңгейлі жүйе енгізілуде. Ол бойынша: облыстық деңгейде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (КҚКО), моноқалаларда – Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары, ал аудандық деңгейде –Мобилдік Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қордың Өскемендегі бөлімшесінің жанында Кәсіпкерлерді қолдау орталығы қызмет көрсетуде. Қазіргі уақытқа дейін бұл арадан 2000-нан астам кәсіпкер кеңес алып үлгерді.

«Авто-Форт» ЖШС-нің (Риддер қаласы ) директоры Олег Беляяев : «Дәл мұндай Орталықтың ашылуы бизнес пен мемлекеттің арасындағы қашықтықты азайтады. Кеңес алғысы келген біздің қаланың кәсіпкерлері үшін, ендігі ретте 100 шақырым жолды артқа тастап, облыс орталығына сапар шегудің қажеті шамалы. Бүгінгі таңда консалтингтік қызметтер қолжетімді болып отыр. Осындай Орталық ашқандарыңыз үшін риддерлік кәсіпкерлер атынан шын алғысымды білдіремін».

Ал Мобилдік орталықтар жайлы айтар болсақ, бұл – Қордың командасы аймақтарға шығып кеңес тарату үшін арнайы жабдықталған автобустар. Мұндай кеңес беруші көлік, Шығыс Қазақстан облысында сәуір айынан бастап жолға шықпақ.

Риддердегі КҚО мекен-жайы:Семей көшесі 12 үй.