Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Тағы тоғыз мобильді орталық аймақтарға шығуға дайын

3 сәуip 2013 ж., 16:22

Естеріңізде болса былтырғы жылдың қазан айында еліміздегі алғашқы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Алматы қаласында ашылған сәтте, барша қауымға Мобильді Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары таныстырылып, олардың бесеуі еліміздің аймақтарына жіберілген еді.

 

Бүгінгі таңда аталмыш бес Мобильді орталық Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандарын аралап, тұрғындарға тегін кеңес таратуда. Ал қазіргі уақытта, дәл осындай 9 Мобильді Кәсіпкерлерді қолдау орталығы өңірлерге шығуға дайын тұр.

Салоны кеңес берушілерге ыңғайластырылып жабдықталған бұл көлік Hyundai Auto Truck & Bus компаниясының зауытында құрастырылған. Аталмыш компания 2005 жылғы тамыз айында құрылған және «Астана моторс» Қазақ Мотор Компаниясының құрамында болып табылады. Компания Hyundai маркалы коммерциялық техникасын (жүк мәшинелері, автобустар, арнайы көліктер)сатумен және құрастырумен айналысады және Қазақстан Республикасы аумағында Hyundai Motor Company корей компаниясының ресми дистрибьютері болып табылады.

 Аталмыш компания дәл осы Мобильді орталықтар болып жасақталған, сыйымдылығы 19 және 28 орындық County автобустарын құрастыруды 2012 жылдың сәуір айынан бастап қолға ала бастаған көрінеді.

Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарына сапар шегетін бұл Мобильді Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары, осы өңірлердегі аудан орталықтарын аралап, кәсіпкерліккпен айналысып жүрген және соған ниетті жергілікті азаматтарға тегін кеңес беріп, кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау бойынша ақпараттандырып, олардың біліктіліктерін арттыруға бағытталған оқыту-семинарларын ұйымдастырмақ.