Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Ақмола облысының кәсіпкерлері үшін ең сәтті ай - Наурыз

26 наурыз 2013 ж., 19:36

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы Ақмола облысында үлкен беделге ие. Наурыз мереке қарсаңында, аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында 5 жоба қарастырылып, мақұлданды.

«Жамабаева Ж.Ж.», ЖК Бурабай ауданында «үнемді» түрде дем алу үшін қонақүй кешеніне құрылыс жұмысын жүргізуді жоспарлайды, құрылыс кезінде ол 18 жатын орынға есептелетін болады. Несие соммасы 5,6 млн.теңгені құрайтын болады. Арзан қонақүйдің құрылысы көптеген адамдардың курорт аймағына баруына мүмкіндік береді.

«Мусинова А. Г.» ЖК, несие қаражатына фитнес-клубқа жөндеу жүргізуді, жаңа жабдықтарды сатып алуды жоспарлайды, ол клиенттер ағымын тартып қана қоймай, оларға көрсетілетін қызмет көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба 5 млн.теңгеге жуық соммасын құрайды. Сондай-ақ, кәсіпкер, «Халық Банкі» АҚ-нда 4,4 млн.теңге соммасында «Fortebank» АҚ-нан несиелік берешекті қайта қаржыландыру» жобасы бойынша қолдау алды. «Бүгінгі таңда адамдар өз денсаулықтарына көп көңіл аударып, спортпен шұғылданатын болды, сондықтан да фитнес-клубтың қызметі өзекті мәселе болмақ...» - деп, жеке кәсіпкер Айгүл Мусинова атап өтті.

«Хоттей» ЖШС және «Логос Грейн» ЖШС, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 3-ші бағыты щеңберінде «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы бойынша қолдау алды. Жобаларды Бурабай және Астрахан аудандарында жүзеге асыруды жоспарланады.