Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Павлодар облысында І тоқсанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 39 жоба мақұлданды

12 сәуip 2013 ж., 18:00

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында павлодарлық кәсіпкерлер облыстық үйлестіру кеңесі мақұлдаған 39 жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Кәсіпкерлер мемлекеттің шағын бизнеске қолдауын жоғары бағалады. ««Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысудың арқасында арнайы жұмыс киімін тігуге бағытталған кәсіпорнымыздың қызметін кеңейте алдық, - деп атап өтті «ҚазКәсібиҚауіпсіздік» ЖШС жетекшісі Дамир Алпысбаев.

- 2011 жылы аумағы 580 шаршы метрді құрайтын нысанды сатып алып, онда үш цехті, сауда залын, кеңсе мен қойма орындарын аштық. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша демеуқаржыландыру келісімін жасап, оған сәйкес несиенің жылдық үстемеақы пайызы 14-тен 7-ге дейін төмендетілді.

Мемлекеттің көмегі қарызды өтеу бойынша шығынымызды әлдеқайда азайтты. Осының арқасында бүгінгі таңда өзіміздің жеке қаржымызды шикізатты және құрылғыларды сатып алуға, жаңа модельдерді іске қосуға және қосымша жұмыс орындарын құруға бағыттауға мүмкіндігіміз бар».