Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Алматылық кәсіпкерлер мемлекеттік тілде дәріс алды

26 маусым 2013 ж., 10:55

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша оңтүстік елорданың кәсіпкерлікпен айналысып жүрген және оған ынта білдірген 22 тұрғыны қазақ тілінде өткен семинарға қатысты.

Расында, бүгінгі таңда еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған оқулықтардың мемлекеттік тілдегі нұсқалары өте аз екендігі баршаға аян. Бұл орайда ана тілімізде дәріс беретін мамандардың тапшылығы да сезіліп отыр. Осы олқылықты жоюды «Даму» Қоры өзінің басты мақсаттарының бірі ретінде санайды. Бұған дәлел - Алматы қаласында, және еліміздің көптеген аймақтарында ана тілімізде өтіп жатқан дәл осындай жедел курстар.

Бұл ретте экономист, Айнаш Есімханқызы білім нәрімен сусындауға келген азаматтарды кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерлік психологиясы, нарықтық мүмкіндіктерді талдау, маркетингтік қызмет, кәсіпкерлікке арналған қаржы сынды тақырыптарды егжей-тегжей түсіндіріп, тыңдаушылардың көкейкесті сауалдарына жауап берді.

Семинар барысында қатысушылар өздерінің сол арада дайындаған бизнес-жобаларын қорғап, келешекте қолға алар істерінің бағыт-бағдарын айқындап алуларына мүмкіндік туды.