Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Іскер әйелдер бас қосты

31 наурыз 2014 ж., 12:18

25-27 наурыз күндері Ақтөбе қаласында Ақтөбе қаласының әкімшілігі жанындағы Әйелдер ісі және жанұялық-демографиялық саясат бойынша комиссияның және «Даму» Қорының аймақтық филиалының қолдауымен Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімімен ұйымдастырылған ІІ Іскер әйелдер форумы өтті.

Форумға Ақтөбе қаласының экономикалық өміріне белсенді қатысып жүрген 150 әйел адам қатысты, соның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпорындарда қызмет ететін әйелдер мен сауда және қызмет көрсету саласында әрекет ететін әйел кәсіпкерлер.

Форум әйелдердің адамдардын іскерлік және экономикалық дағдыларын дамыту, әйелдік кәсіпкерлікті әйгілеу арқылы мүмкіншіліктерін арттыру және әйелдердің кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуын ұлғайту мақсатымен ұйымдастырылды.

Форум шеңберінде Ақтөбе облысы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында әйел кәсіпкерлерге арналған «Кәзіргі таңдағы әйел кәсіпкерлерге арналған мүмкіндіктер», «Ерекше кәсіпкерлік ой», «Тайм менеджмент» тақырыптарындағы семинарлар өтті. «Кәсіпкерлікті қаржылай және қаржылай емес» тақырыбындағы семинарды «Даму» Қорының бас менеджері Айнагүл Байдәулетова және қаржылай емес бағдарламалар бойынша менеджері Әліби Сабыр жүргізді.

Қатысушылар өткізілген форум және семинарлар үшін алғыстарын білдірді.

– Он жыл бұрын мен де ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін семиналар өткізетінмін. Ол кезде өз ісін бастау жолдары, қаржы көздерін табу сияқты қарапайым, бірақ өз уақытына маңызды тақырыптар болатын. Қазіргі таңда жаңа тақырыптарда семинарлар өтуде, кәсіпкерлер жаңа деңгейге шықты, бизнес-жаттықтырушылардың да деңгейі өскен. Осының бәріне өте разымын, – дейді «Мұғалім» Оқу орталығының директоры Юлия Савченко.