Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Дәрігер Қазиеваның ісі

13 қараша 2014 ж., 11:14

Кәсіпкер Назгүл Қазиева, өз кәсібін ашумен ғана тоқталмай, кәсіпті сақтап қалу үшін кезіккен қиындықтарды жеңіп қайраттық танытқан әйелдердің бірі. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көрсетіліп жатқан қолдауларды да белсенді пайдаланады.

Атырау облысында аудандық емханада тіс дәрігері болып, сонан соң 15 жылдың үстінде облыстық дене-шынықтыру дәрігерлік диспансерінде Ақтөбе қаласында жұмыс атқарды.

Көп адам жақсы қызметі болса оны тастап басқа іспен шұғылдануға бармас еді және ол дұрыс болуы да мүмкін. Қызметі бар, тұрақты жалақысы бар, басқа не арманы бар? Бірақ бұл өмір Назгүлдің көңілінен шықпады.

- Бір жерде 15 жылдың үстінде қызмет атқардым, - деп кәсіпкер тіс дәрігері Назгүл Қазиева ағынан жарылды. – Дегенмен, көп жылдар ішінде өмірімді өзгертемін деген ой пайда болып, шешім қабылдадым. Әрине, жақсы жағына қарай!

Бұл бір барлығы бір-біріне сабақтасқан қолайлы жағдай болды. Жыл өткен сайын үлкен кәсіби тәжірибе жинақталды, өте тәжірибелі тіс дәрігері ретінде емделушілердің туысқандары, жақындары, достарына жасаған ұсыныстарымен келіп емделіп жүрген, ірі көлемді өзіндік мызғымас емделушілер ортасы құрылды.

2009 жылы тіс емдеу орталығын ашу шешімі толығымен қабылданып, енді тек ыңғайлы орын іздеу мен құжаттамаларын дұрыстау қалды. Сол жылдары Ақтөбе қаласында 75-тің үстінде жеке тіс емдеу орталықтары жұмыс істеп тұрды, 76-шы орталықты ашып, толықтай жұмыс жасап тұру, «Күректеп ақша таппасаң» немесе құрығанда өте жақсы жалақың болмаса оңай дүние емес еді.

Назгүл алдында не күтіп тұрғанын білді. Осыншама жылдар ішіндегі аса еңбекпен жинақтаған қаражаты, аз ғана құрылғылар мен орындыққа ғана жетер еді. Бірақ, тағы да жолы болды. Біріншіден, медицинадан хабары жоқ, бірақ пайдалы кәсіпке ақша салғысы келетін, «үлесте» болуға келісіп біршама қаражат көзін ұсынушы әріптес табылды, екіншіден, арзанға дайын «атам заманғы» құрылғылары мен екі ғана бөлмеден тұратын тіс емдеу орталығын сататын адам табылғанын нағыз сәттілік деуге болады.

-Біз әріптесім екеуміз балаша қуандық, бірақ, қуанышымыз ұзаққа созылмады. Ешқандай пайда болған жоқ, оның орынына шығындар ұлғайып кетті.

Жарты жылдан кейін үміті үзілген әріптес, кәсіптен шығатынын жариялады. Назгүлдің мойнына тағы бір ауыртпалық мінді. Өмір бойғы арманын «қас қағым сәтте» жоғалтып алу қаупі бар еді. Дегенмен, ол өзінің ең қымбат, жалғыз ісі – өзінің кәсібін сақтап қалу амалын тапты.

Әріптесімен есептесу үшін Назгүл жеке автокөлігін сатып жіберді, қарыздарға кірді, бірақ тіс емдеу орталығының жалғыз иесі өзі болып қалды. Клиника иесі жалғыз өзі болғаннан кейін, ол өзінің барлық кәсіби шеберлігі мен іскерлік қабілетін танытты. Алдымен емделушілер легін қалыптастырды. Дене-шынықтыру дәрігерлік диспансерінде ем алған барлық емделушілеріне телефон шалып хабарлап шықты.

Іс жайлап қалыпқа түсті, емделушілер саны ұлғайды, енді кәсіпті кеңейту керек.

Осы орайда «Даму» Қоры көмектесті.

Ақтөбе облыстық «Даму» Қорының аймақтық филиалының көмегімен, «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы, кәсібін ұлғайтуға жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайыздық ставкаларын субсидиялаумен несие алуға шешім қабылдады. Несие арқасында клиниканы және штатты ұлғайтып қана қоймай, жаңа құрылғылар сатып алды. Сонымен қатар, осы жылы «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасына қатысты.

Қазіргі күнде Назгүл Қазиеваның тіс емдеу орталығында төрт бөлме бар. Қызметкерлері он шақты.

- Болашаққа жоспарлар көп, -деп кәсіпкер Назгүл Қазиева ойымен бөлісті. –Жақын араға қойған жоспар арманым, - өз алдына бөлек, үлкен клиника ашу. Бұл дәрігерлер штатын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазір бізде өзіміз «жинақтаған» емделушілер, мекемелермен және ұжымдармен жұмыс жасағанды қалар едік. Сақтандыру медицинасы түрінде де жұмыс жасау ойда бар. Біздің кәсіп қазіргі күні аяққа тұрды және бұл өте уақытылы қажеттілік танытқан «Жұмыспен қамту–2020» мемлекеттік бағдарламасы арқасында болды.