Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту шаралары

Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бизнес - Кеңесші» бағдарламасын әзірлеп, төрт ай ішінде өз кәсібін ашуға ниетті 11 мың адамға кеңес берген. Қарағандыда өткен респбуликалық семинарда атқарылған іс шаралар сараланып, алдағы жұмыс жоспарлары пысықталды. Зерттеулер нәтижесіне зер салсақ, қазір Қазақстандағы еңбекке жарамды халықтың тек 14 пайызы ғана шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Елбасы таяу жылдары бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізуді міндеттеп отыр. Ол үшін өз кәсібін ашқысы келетіндерге мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіп, құқықтық, ақпараттық кеңестер беру қажет. «Бизнес - Кеңесші» бағдарламасының діттеген мақсаты осы.

Ғабит Лесбеков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, корпоративті даму департаментінің директоры:
- Республикада бірінші рет аудан халқына шағын және орта бизнес туралы толыққанды ақпаратты беріп, өз кәсібін құрудың жолдарын, аспектілерін көрсеттік. Сонымен қатар, жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерге кәсібін әрі қарай жетілдіру үшін кеңес бердік.

Аталған бағдарлама бойынша төрт ай ішінде еліміздің 209 аудан, қалаларында екі күндік жедел курстар өткізіліп, жоғары оқу орындарының ұстаздары шамамен 11 мың адамға дәріс берген. Соның 60 пайызы кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті.

Жомарт Қошқаров, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры:
- Бұл бағдарламаның тиімділігін айтар болсақ, 6 айдың ішінде 11 мың адамды оқыттық. Алайда біз бұнымен шектелмейміз, тек акция есебінде болмайды, бағдарлама әрі қарай жалғасады.

Ағымдағы жылы жоғары оқу орындарымен бірлесіп еліміздің барлық аймағында халыққа шағын және орта кәсіпкерлік туралы талдау жасап, әрі әдістемелік кеңестер беретін орталықтар құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар интернет желісі арқылы оқыту курстарын өткізу көзделген. Телефонмен тегін қоңырау шалып, ақпарат алу мүмкіндігі де қарастылуда.