Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму-Көмек» бағдарламасы Атырау қаласының тұрғынына септігін тигізді

13 ақпан 2015 ж., 11:28

 Атырау қаласының тұрғынына «Даму–Көмек» бағдарламасы аясында көмек көрсетілді. Ұлмекен Сияғалиқызы Әбдіғалиева ұзақ жылдар «Ембімұнайгаз» ЖШС мекемесінде экспедитор мамандығы бойынша қызмет атқарған. Алайда 45 жасында оған күрделі түрде ота жасалып, содан кейн II топ мүгедектігі берілді. Бұл жағдайына қарамастан Ұлмекен Сияғалиқызы I топ мүгедек қатарындағы қызына қамқорлық жасап отыр. Бұл күрделі жағдайлардан кішігірім кәсіпкерлікпен айналысу ғана құтқаруда.

«Мүгедек кәсіпкерлерге көмектесетін «Даму-Көмек» бағдарламасы туралы жақын адамдардан естіп, үйден киім тігу және киімдерді қайта жаңарту ісімен айналысуды шештім» - дейді Ұлмекен Сияғалиқызы өз сөзінде.

Ол кісінің өтініші бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы «Досжан» ЖШС-нің директоры Әділбек Бисенов мырза қол ұшын созды. Ол азамат мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге тігін машинасын сыйлады.