Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Өз ісімді ашсам…

16 ақпан 2015 ж., 18:47

Өткен аптада «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында ШҚО Қатон-Қарағай ауылының тұрғынына демеушілік көмек көрсетілді.

Фархат Тельманұлы Кітапбаев – бұрынғы әскери қызметші. Ол Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданына қарасты Ақсу ауылындағы "Үшбұлақ" әскери бөлімінің 2034 шекаралық заставасында әскери борышын өтеген. 27 жасында аяқ астынан көлік апатына ұшырап, нәтижесінде 1 топтағы мүгедек атанып қалды. 8 жыл өтсе де мүгедектік арбаға танылған Фархат тағдырдың ауыр сынына шыдап, қиындықтарға мойымай келеді. «Мен мүмкіндігім шектеулі» деп қол қусырып отырмай, кәсіпкерлікпен айналысты.

12 қаңтар күні Фархат Тельманұлы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалына келіп, өзінің төлемдерді қабылдап, оларды өңдейтін бөлімше ашу туралы ұсынысын білдірді.

Фархат Кітапбаевтың өтінішіне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына белсене қатысып жүрген «Дар-Сер» ЖШС және «Ж.М.Рахимбаев» ЖК компанияларының жетекшілері көңіл аударып, көмек қолын созуды жөн деп тапты. Олар кәсіпкерге ноутбук, оған қажетті сөмке және принтер сатып алып берді.

- «Даму» қорына және демеушілерге алғысым шексіз. Осының арқасында енді мен өз армандаған ойларымды жүзеге асырып, кәсібімді жетілдіре аламын, - дейді Фархат Тельманұлы.