Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Үздік банктер анықталды

3 наурыз 2015 ж., 13:54

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді араласып жүрген банктердің үздік ондығы анықталды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы) жыл сайын арнайы әдістеме нәтижесінде «БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді араласып жүрген отандық банктердің үздік ондығын анықтайды.

«Даму» Қоры кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған Үкіметтің «Бизнестің жол картасы – 2020» кешенді бағдарламасын 2010 жылдан бері сәтті жүзеге асырып келеді. Осы бағдарлама аясында Қор еліміздегі 31 банк пен 11 лизингтік компаниямен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сүйенсек, «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 1 029,3 млрд. теңгенің 4850 субсидиялау келісімшарты жасалып, 38,3 млрд. теңгенің 705 жобасына кепілдендірілген несие берілді.

Субсидиялау шарты бойынша ең көп келісімшарт – 153,5 млрд. теңгенің (бұл жалпы несие сомасының 15%) 680 жобасы (жалпы несиенің 14%) - Қазақстанның Халық банкінде жасалды. Екінші орында ЦентрКредит банкі. 107 млрд. теңгенің (жалпы несие сомасының 10 % ) - 616 жобасы ( жалпы жобаның 13%) .

Субсидиялау бойынша ең аз жоба Эксимбанкі, HSBC, «Қазақстан жинақ банкі Лизинг» ЖШС және «Шинхан Банк» АҚ жасалды. Бұл құрылымдарда тек 1 келісімшарттан ғана жасалған.

Ал ең көп субсидия Ресей Жинақ банкінің Қазақстандағы еншілес кәсіпорнында - 16,3 млрд. теңге (берілген жалпы субсидиялардың 19%) және Халық банкінде - 12,7 млрд. теңге (15%).

Жобаларды кепілдендіру бойынша жағдай төмендегідей. Бірінші орында - ЦентрЦредитбанкі - 180 жоба ( жалпы жобалардың 26%) . Сомасы - 5,2 млрд. теңге (14%), Халық банкі – 5,3 млн. теңгенің (14%) 144 жобасы (жалпы жобалардың 20%).

Кепілдендіру бойынша ең аз жоба AsiaCredit Bank, «Астана-финанс», Казинвестбанкі және Шинхан Банктің үлесінде. Бір жобадан.

Кепілдендіру бойынша ең жоғары мөлшердегі сома Ресей Жинақ банкінің Қазақстандағы еншілес кәсіпорнында - 2,6 млрд. тенге (жалпы кепілдендірілген соманың 15%), ЦентрКредит банкі мен Халық банкі де 2,5 млрд. теңгеден кепілдендірілген қаражат берген.