Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Партия мен қаржы институттары арасында «диалог орталығы» құрылмақ

18 наурыз 2015 ж., 10:20

«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалында «Мықты бизнес – мықты мемлекет» партиялық жобасы аясында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүргізілуі бойынша азаматтарды қабылдау күні» жариялы республикалық акциясы өтті.

Акцияға Ақтөбе облыстық «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» аймақтық филиалы өкілдері, екінші деңгейлі банктер басшылары мен бөлім басшылары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшылары, Кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың аудандық бөлімдері басшылары қатысты.

Іс-шара мақсаты - мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен негіздерін түсіндіру үшін мемлекеттік органдар мен Қаржы институттары арасында партияның диалог орталығын құру болып табылады.