Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы

«Даму-Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, Қор Бағдарламаны іске асыру операторы болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде «Байтерек Девелопмент» АҚ 18 млрд. теңге соманы кейіннен өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін (одан әрі – ЖКС) қаржыландыруға/қайтақаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерге депозитке орналастырады. Әріптес банктер қаржыландыруға 70:30 арасалмақта (70% - «Байтерек Девелопмент» АҚ қаражаты, 30% - Әріптес банктер қаражаты) өз қаражатымен қатысады.

Бағдарламаға келесі Әріптес банктер қатысады:

  1. «Қазкоммерцбанк» АҚ;
  2. «ForteBank» АҚ;
  3. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы ЖКС кредиттеудің негізгі шарттары:

  • Өңдеуші өнеркәсіптің мынадай сала тармақтарындағы қызметтерге бағытталған ЖКС жобаларын қаржыландыру:
    • Тамақ өнімін өндіру;
    • Сусындар өндіру;
    • Тоқыма өнімдерін өндіру;
    • Киім шығару;
    • Тері өндіру және оған қатысты өнімдер шығару;
    • Жиһаздан бөлек, ағаш және тоз өнімдерін өндіру; сабаннан жасалған және өруге арналған материалдардан жасалған өнім шығару;
    • Қағаз және қағаз өнімдерін шығару;
    • Басу және жазылған материал дарды қалпына келтіру;
    • Химия өнеркәсібі өнімдерін шығару;
    • Негізгі фармацевти калық өнімдер мен препарат тар өндіру;
    • Резіңке және пластмасс алық бұйымдар өндіру;
    • Металл емес өзге минерал ды өнім өндіру;
    • машина мен жабдықтардан бөлек, дайын металл өнімдерін өндіру;
    • Компьютерлер, электрон дық және опти калық өнімдер шығару;
    • Электр жабдықтарын өндіру;
    • Өзге категорияға кіргізілмеген машин алар мен жабдықтар өндіру;
    • Автокөлік құралдарын, трейлер мен жартылай тіркемелер шығару;
    • Өзге көлік құралдарын шығару;
    • Жиһаз шығару;
    • Өзге дайын бұйымдар өндіру.
  • Қаражатты мақсатты пайдалану – қолданыстағы к редит терді қайтақаржыландыру, инвестици ялық мақсат, айналым қаражатын толықтыру;
  • Сыйақының соңғы жылдық мөлшерлемесі – жылдығы 8,0% көп емес;
  • кредиттеу мерзімі – 84 айға дейін;
  • қарыз валютасы – теңге;
  • бір ЖКС берілетін ең көп қаржыландыру лимиті - 750 млн. теңгеден көп емес;
  • негізгі борышты өтеуге берілетін жеңілдік мерзімі - 24 айға дейін;
  • ЖКС қарызды Банктік қарыз шартын/Кредит желісін ашу туралы келісім жасасқан күннен бастап, 2 ай ішінде игеруді бастауға міндетті;
  • Әріптес банктердің ЖКС негізгі борышты дер кезінде өтеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін және ЖКС Бағдарлама аясында қайтақаржыландырылатын қарыздары бойынша сыйақылар үшін айыппұл мен төлемақы өсімдерін есептен шығару мүмкіндіктері;
  • ЖКС қаржыландыру/қаржыландыру туралы алдын ала шешімді Әріптес банктер өздері қабылдайды, содан кейін олар ЖКС жобалары бойынша ақпаратты ЖКС жобаларын мақұлдау үшін Қор жанынан құрылған Комиссияның қарауына жібереді.
  • Өзге кредиттеу шарттарын Әріптес банктер өздері белгілейді.

Бағдарлама бойынша ЖКС:

  • салық бойынша берешегі бар және бюджетке Әріптес банктер өтінімдерді немесе жобаны қаржыландыру кезінде айлық есептік көрсеткіштің 10- есе мөлшерінен асатын міндетті өзге төлемдері бар ШОКС қаржыландыруға тыйым салынады;
  • заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу мақсаты бар ЖКС-не қарыз беруге тыйым салынады.