Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Атырау облысының Құлсары қаласына «Менің Қазақстаным» пойызы келді

6 сәуip 2015 ж., 11:13

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған «Менің Қазақстаным» үгіт-насихат пойызы Атырау облысының Құлсары қаласында да болды.

Бұл акция халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Құлсары теміржол бекетіне 300-ден аса адам жиналды. Мерекелік шара Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев пен Жылыой ауданының әкімі Максим Избасовтардың құттықтау сөздерімен басталды.

Салтанатты құттықтаулардан кейін астаналық қонақтар жұмыс орындарына, семинар-кеңестер өткізуге аттанды.

Кеңесшілер қатарына мәжілісмендер мен мемлекеттік қызметкерлер және медициналық мекемелердің, даму институттарының, екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығында бизнес саласы өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. «Цеснабанк» АО бас мамандары Бекнур Исабеков және Азамат Қасым бұл кездесуде кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар «Даму» қорының Кәсіпкерлікті Қолдау Орталығының кеңесшілері «Бизнестің Жол Картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, соның ішінде кепілдендіру, субсидиялау және оқыту бағдарламары жөнінде кәсіпкерлерге толық ақпарат берді.

Жас кәсіпкер Руслан Саниев жиналғандар атынан ұйымдастырушыларға алғыс айтты.