Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Сингапур туралы не білеміз? «Шығыс Азия барысы» топтығына кіретін мемлекетке қатысты біз білмейтін он мәлімет

8 сәуip 2015 ж., 11:52

Алматы қаласында «Даму» Қоры мен Серікбай Бисекеевтің «Арман Холдинг» компаниясы ұйымдастыруымен өтетін сингапурлық он компания өкілдерінің бизнес-форумы қарсаңында аталған елге қатысты көпшілік біле бермейтін мәліметтермен таныстырамыз.

1. Сингапур мемлекеті Оңтүстік Корея, Тайвань және Гонконг сияқты «Шығыс Азия барыстары» тобына кіреді. Бұл елдер соңғы 30 жыл ішінде экономикалық даму жағынан ғаламат өзгерістер жасау арқылы алдыңғы қатарлы дамыған елдер санатына кірді.

2. Дүниеден жақында озған елдің премьер-министрі Ли Куан Ю Сингапур үкіметн 1959 жылдан 1990 жылға дейін басқарды. Ол саясат сахнасында жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бар күш-жігерін жұмсаған, қатал да қатыгез басшы ретінде танылды. Басқарудың мұндай тәсілі жемқорлықты жоюда таптырмас құрал бола білгені елдің қарыштап дамуынан көрініп тұр десек болады.

Бір жолы Ли Куан Юге бір журналист «Жемқорлықты жою жолында қандай тәсілді қолдандыңыз?» деп сұрақ қояды. Ол былай деді: «Жақын тартқан үш досыңызды абақтыға қамаудан тайсалмаңыз. Себебін өздері жақсы біледі». Саясаткердің бұл жауабын әлемдік ақпарат құралдары әлі күнге дейін пайдаланады.

3. Сингапур да ешқандай табиғи байлық жоқ. Бұл ел құмды да, ауыз суды да көршілерінен сатып алады.

4. Сингапур – ірі қаржы орталығы . Қаржы ұйымдарының көптігі жағынан әлемдік үштікке кіреді. Халықаралық қаржы ұйымдарының басым бөлігі Сингапурде шоғырланған. Сингапур валюта биржасының жылдық айналымы Лондон, Нью-Йорк және Токио биржаларынан кейінгі төртінші орында. Инфляция деңгейі 2-3% шамасында болса, ал Economist Intelligence Unit компаниясының зерттеуі бойынша, Сингапур Азия елдері арасындағы бизнес жүргізу рейтингінде көшбасшы ел болып саналады.

5. Сингапурде шетел инвестициясы жақсы қорғалады. Оған ешқандай қауіп жоқ. Бұл жөнінен арал-мемлекет тек Швейцариядан кейінгі екінші орында. Шетелдік инвестиция негізінен электронды, электротехникалық және мұнай өңдеу өндірісі, қызмет көрсету салаларына құйылады.

6. Елдегі орташа табыс – жылына $34 мың .

7. Бұл елде жүз мыңға тарта табысы миллиондап есептелетін қуатты адамдар бар ( бұл әлемдегі бай адамдардың 3% жуығы) . Қалада Keppel Bay дейтін аудан бар. Оны тұрғындар «миллионерлер кварталы» деп атайды.

8. Сингапурде заңды тұлғаны тіркеу компьютер арқылы жүргізіледі. Ол бар-болғаны он минут уақытыңызды алады. Мынадай оқиға болған. Ресей саясаткері Дмитрий Медведев Сингапурға ресми сапары барысында ақпараттық технологияның бұл елде қаншалықты дамығанын білу үшін өз атынан фирма ашып, тіркеткен. Бірақ оны жабуды ұмытып кеткен. Бір жылдан соң, Ресейге сингапурлық салық органдары тарапынан салықтың төленбегені жайында ақпарат келіпті.

9. Сингапур – Apple компаниясының өнімдері алғаш болып сатыла бастайтын әлемдегі 9 мемлекеттің бірі. Бұл елде АҚШ-ғыдай аталған фирманың өнімі ұялы байланыс операторымен бірнеше жылға келісім жасау арқылы арзан бағаға сатылады.

10. Сингапур қаласындағы құрылыс нысандары әйгілі қытай философиясы Фен-Шуй канондарына негізделіп, адамға ерекше әсер етіп қана қоймай, қосымша қуат беретіндей етіп салынған деген пікір бар.