Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Солтүстік-Қазақстан облысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығы (КҚКО) ашылды

15 мамыр 2015 ж., 18:33

КҚКО жаңа ғимаратының жалпы көлемі 1 483,5 шаршы метр. Петропавл қаласының іскерлік орталығында орналасқан, кіріп-шығуға ыңғайлы. Орталық «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейді. Бұл -кәсіпкерлікті енді қолға алушылар мен бизнесмендерге тиімді. Олар мұнан тегін ақыл-кеңестер мен түрлі қызметтер алатын болады. Мәселен:

- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау тетіктері мен түрлері түсіндіріліп, КҚКО кеңесшілерінің нұсқауымен және жекелей кеңес берулер үнемі жүргізіледі.

- «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша кеңестер беру ;

- бухгалтерлік және салық есебі, логистика, маркетинг, бизнес-жоспарлау, мемлекеттік сатып алулар, бизнестегі заңдық сауалдар және т.б. кәсіпкерлікті жүргізудегі өзекті мәселелерге тегін кеңестер беру;

- бейінді бағыттар бойынша тренингтер мен семинарларда тегін оқуға ;

- рұқсат етілген құжаттарды алуға кеңес беру;

- екінші деңгейлі банктер, басқа да даму институттары және т.б. серіктес ұйымдар жөнінде кеңестер беру ;

КҚКО жаңа ғимаратының көлемі бұрынғы жалға алынған нысаннан 2 есе үлкен. Енді мұндағы ақыл-кеңес беру орындары 18-ге жеткізіледі (бұрын 12 болған). Сондай-ақ орталыққа: ХҚКО филиалының бөлімі, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» АҚ кеңесшісі, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Біріңғай бағдарламасы аясындағы сервистік компаниялар орналасады деп жоспарлануда. Оқыту сыныбының аумағы да бұрынғымен салыстырғанда үлкен, 50 адам еркін сияды. Сыныпта өңір мен қала тұрғындары кездесулер өткізіп, түрлі оқу іс-шараларын өткізуге қолайлы.

Анықтама үшін: 01.01.2014 жылдан 01.05.2015ж. аралығында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында 3 574 келушіге 5 990 қызмет көрсетілді. Оның 50 пайызы бизнесте жүргендер тұлғалар. КҚКО облыста 29.12.2013ж. жұмыс істеп келеді.

Солтүстік-Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы қолға алынғалы мемлекеттік субсидия алуға жалпы сомасы 28,7 млрд.теңге болатын 386 жоба мақұлданды.

2010 -2014ж.ж. облыс кәсіпкерлеріне 2,2 млрд.теңге субсидия төленді.

СҚО бойынша «Даму» Қорынының 72 кепілдемесімен несие портфелінен 2,7 млрд.теңге бөлінді. Кепілдікпен берілген қаржы сомасы 1,2 млрд.теңгеден асады.

«Бәйтерек» Ұлттық Баскарушы холдингі» АҚ 2013 жылы 22 мамырдағы ҚР Президентінің Үкіміне сай құрылған. Холдингті құрудағы мақсат – экономиканы әртараптандыру мен дамыту, инвестиция тартуға, еншілес ұйымдардың корпоративті басқару жүйесін шыңдау мен кластерлерді дамытуға атсалысу.

Холдинг құрамына - «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Қазақстан Инвестициялық Қоры» АҚ, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық несиелерді кепілдендіру Қоры» АҚ, «KazynaCapitalManagement» АҚ, «Байтерек Девелопмент» АҚ. Холдинг осы аталған компаниялардың мемлекеттік акция пакеттеріне иелік етеді. Сайт: www.baiterek.gov.kz

«Даму» Қоры – бұл ұлттық даму институты, 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.