Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Аңдатпа! 10 маусымда Ақтөбеде әйелдер кәсіпкерлігінің мәселелері бойынша семинар өтеді

10 маусым 2015 ж., 16:21

2015 жылдың 10 маусымы күні сағат 10-00 «Ақтөбе қаласы және облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ Ақтөбе облыстық «Даму» Қорының аймақтық филиалымен бірігіп кәсіпкерлікті жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген әйелдерге арнап тегін семинар өткізеді. Шара барысында спикерлар кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу туралы, бизнесті жүргізу машығын оңалту мүмкіндіктері туралы, жеңілдетілген несиелендіруді алу тетіктері жайлы айтады.

Семинар аясында келесі тақырыптар жайлы жан-жақты ақпараттар беріледі:

Қазақстан Республикасының 2015-2019 ж.ж. арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы;

«Нұрлы-жол» мемлекеттік бағдарламасы;

Шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасы;

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы;

Әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелендіру бағдарламасы;

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Сіздерді мына мекен-жайда күтеміз: Ақтөбе қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 51/1, «Даму» Қоры ғимаратының конференц-залы. Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуыңызға болады : 8-7132-70-38-08, 8-7132-70-38-06.