Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Назар аударыңыз, аңдатпа! Сіздің «ЭКСПО Милан 2015» аясында бизнес-форумға баруға мүмкіндігіңіз бар

12 маусым 2015 ж., 18:56

Құрметті кәсіпкерлер! 2015 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Италияға мемлекеттік сапары аясында Милан қаласындағы «ЭКСПО Милан 2015» көрмесіне баруына орай, ресми тұлғалар мен екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен қазақстан-итальяндық бизнес-форум өтеді деп жоспарлануда.

Отандық кәсіпкерлерді Италиядағы шараға қатысу үшін баруға шақырамыз.

Аталған шараның мақсаты – Қазақстан мен Италияның іскерлік топтарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыру. Әрі 2015-2019ж.ж. арналған Қазақстанның индустриалды Бағдарламасы мен инвесторларға арналған ынталандырудың жаңа пакетін итальяндық тарапқа таныстыру.

Шенгендік визаны рәсімдеуге және билеттерді брондау қажет болса, ағымдағы жылдың 12 маусымына дейін кандидатураны (аты-жөнін, паспорт көшірмесін, ағылшын және орыс тілдерінде қызметін, байланыс мәліметтерін) көрсетілген адреске жәберуге болады: chingiz.albiyev@kazcic.kz , тел.: 279056 (ішкі 214), моб.: +7 778 8884130