Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қарағанды облысының әкімдігі мен «Даму» қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қарағанды әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.

Келісімге аймақ басшысы Серік Ахметов пен «Даму» қорының төрағасы Болат Мұкышев қол қойды.

Аймақ үшін басымдықты салалардағы бағдарламаларды жүзеге асыруға «Даму» қоры 500 миллион теңге бөледі, деп мәлім етілді меморандумға қол қою рәсімінде. Келісім бойынша сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы ынтымақтастықтың басқа да бағыттары қарастырылып отыр. Атап айтқанда, меморандумға сәйкес пайыздық ставкаларды субсидиялау және несиелерді жартылай кепілдендіру шаралары жүргізіледі, лизингтік компанияларға қаржы орналастыру бағдарламасы аясындағы жобаларды қаржыландыру жалғасын табады және «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге экспресс-курстар ұйымдастырылады.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері бойынша, қазіргі таңда Қарағанды өңірінде 41 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Өндірістің жалпы көлемінің 17 пайызы немесе 135 миллиардтан астам теңге солардың үлесіне тиесілі. Экономиканың бұл секторында 150 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.