Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

БАҚ өкілдері Павлодар облысындағы « БЖК-2020 » бағдарламасының жемісін көріп қайтты

18 маусым 2015 ж., 10:21

Ағымдағы жылдың маусым айында Павлодар облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалы облыс әкімдігімен бірлесіп, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушы 2 кәсіпорынға БАҚ өкілдерін апарды.

Осы жолы таңдау «Усолочка» ЖШС мен «Бисса» стомотологиясына түсті .

Прес-тур барысында кәсіпкерлер тілшілерді өз компанияларындағы жұмыс барысымен таныстырды. Оларға неге өздерінің бизнеспен айналысуға бел буғандықтарын, мемлекеттен қандай көмектер алды, нәтижесі бар ма деген жайттарды егжей-тегжейлі айтты.

«Усолочка» ЖШС 2009 жылы құрылған. 2013 жылы кәсіпорын басшылығы мұздату камералары құрылысын салу мен өндіріс цикліне қажет құрал-жабдық сатып алуға шешім қабылдады.

« Даму» КДҚ » АҚ АФ кеңесшілерінен біз « БЖК-2020 » мемлекеттік бағдарламасы туралы білдік. Онан соң аталған бағдарламаға қатысу үшін өтінім бердік. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша аймақтық үйлестіру Кеңесі біздің өтінішімізді мақұлдап, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін біз үшін мемлекет төлеген көптен күткен 20 млн. теңге көлеміндегі несиені алдық, - дейді ЖШС директоры Үміт Тұяқанова.

Бүгінгі күні «Усолочка» ЖШС 40 жұмыс орны бар. Тұшпараның 10 түрін, вариникидің 5 түрі мен өзге де жартылай дайын тамақ түрлерін шығарады. Өнім сатып алушылардың түрлі сұранысына сай жасалады:

- тұрғындардың діни нанымына қарай;

- балалар мен ересектер үшін;

- диеталық.

Барлық өнімдер зертханалық тексеруден өткізіліп, Кедендік Одақ шеңберінде сертификатталған.

БИССА стоматологиясы 2007 жылы ашылған, директоры Әбілғазин Арман Белгібайұлы. 2013 жылы кәсіпорын «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасымен қаржылай көмек алды. Ол қаражатқа стоматология нысанын салып, құрал-жабдықтар сатып алды.

Алғашында клиникада 3 кресло болған. Бүгінде ЖШС екінші клиниканы ашты. Қызметкерлер саны өсіп, стоматологиялық кресло саны 10-ға жетті.

«Менің бизнесімнің дамуына, бүгінгідей табысты болуына өлшеусіз қолдау көрсеткен «Даму» Қорына тағы да алғыс айтқым келеді. Мұндай қолдаусыз мен ол несиені ала алмас едім», - деп ағынан жарылды Арман Әбілғазин.