Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму-Комек» бағдарламасы аясында ОҚО көмек көрсетілді

19 маусым 2015 ж., 18:22

15 маусым күні қасиетті Рамазан айының қарсаңында мәдени-тарихи Түркістан қаласында «Даму-Комек» бағдарламасы аясында көмек көрсетілді.

1965 жылы туылған Түркістан қаласының тұрғыны, 3-топ мүгедегі Анаркүл Оспанова үш бала өсіріп отыр. Қазіргі уақытта «Қуаныш» базарының асханасында жұмыс істейді. Түркістан қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан «Даму-Көмек» бағдарламасы жайлы біліп, нан пісіретін тоқ пеш алуға көмектессе деп өтініш білдірген.

Дәл осыған ұқсас өтінішті КҚКО 45 жастағы 2 топ мүгедегі, көп балалы отбасының отағасы Сырым Алтынбеков те жасаған. Оның отбасы, яғни әйелі мен бес баласы барлығы жергілікті базарда сауда жасайды. Олар сатып отырған заттарының түрін көбейту үшін, нан-тоқаш өнімдерін пісіретін тоқ пеш сатып алуға бел буады. Ондағы мақсат - кейіннен пісірген өнімдерін базар ішінде өткізіп, кірісті көбейту.

Түркістан қаласының тағы бір тұрғыны - 1945 жылы туылған, 2 топ мүгедегі Камал Камалходжаев. Кәсіпкер техникалық қызмет көрсету бекетінде автокөліктерді жөндеу-қызмет көрсету жұмыстарын жасайды. Орталықтан ол да кәсібін ілгерілетуге қажет құрал-сайман мен кілт түрлерін алуға жәрдем берілсе деп көмек сұраған.

1963 жылы дүниеге келген, 3 топ мүгедегі Гүлмира Әлімқұлова өзінің массаж жасайтын кабинетін ашқан. Түркістан қаласындағы КҚКО-нан массаж кабинетіне кір жуатын машина алуға қолғабыс беруін өтінген.

44 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны Қалжан Балабаева, төрт бала тәрбиелеп отыр. Ұзаққа созылған ауру салдарынан 2 топ мүгедегі болып қалған ол, мүшкіл жағдайына қарамастан, қол қусырып бос отырмайды. Тігінмен айналысады. Ерлер мен әйелдер киімдерін, төсек-орын тыстарын, құрақ көрпе, жастық, басқа да ұлттық өрнектегі бұйымдарды тігеді. Кәсібін дөңгелетуге тігін машинкасы қажет болып, жәрдем сұраған.

Барлық өтініш білдіргендерге Түркістан қаласының кәсіпкерлері мен тұрғындары: Ерғали Жолдасбеков, «Көкжиек» ЖШС-і, Бауыржан Шарафиев пен Айбек Мамадалиевтер «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында қажет бұйымдары тапсырды.