Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Біріңғай бағдарламаның бес үздігі ойын барысында анықталды

15 шiлде 2015 ж., 18:44

«Даму» Қоры күрделі әрі көлемді нормативтік құжаттар туралы сөз болғанда өз қызметкерлеріне қалыпсыз оқыту әдісін қолданады. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасының барлық өзгешеліктерін оқыту Gamisoft алаңындағы ойын-тест түріндегі онлайн-тәртіптемесінде өткізіледі.

Маусымның соңында мониторинг бойынша менеджерлерді онлайн-оқытудың бірінші курсы табысты аяқталды. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Біріңғай бағдарламасы» оқу курсы бойынша барлық қатысушылар шектік межеден өтті.

«ТОП 5» рейтингі бойынша жоғары ұпай жинаған қызметкерлер көрсеткіші:

Жасұлан Нәубетов, Маңғыстау облысы , - 95

Назгүл Құрантаева, Ақтөбе облысы , - 95

Гаухар Байғараева, Жамбыл облысы , - 95

Елдос Жиембаев, Маңғыстау облысы , - 95

Бағдагүл Түркменбаева, Маңғыстау облысы , - 93

Көшбастаушы бестіктің ең жасы – Елдос Жиембаев. 24 жастағы ол, 2013 жылы «МФЮА» Мәскеу қаржы-заңгер университетінің «Қаржы және несие» мамандығын алып шықты. 2013-15 жж . КҚКО мен МКҚО кеңесші болып жұмыс жасап, осы жылдың наурыз айынан мониторинг бойынша менеджер жұмысына кірісті.

Жасұлан Нәубетов Қазақтың көлік және коммуникация академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Қорда 2009 жылдан жұмыс істейді. Алғашында кепілдік мүліктерін бағалау бойынша бас маман болған ол, кейіннен қарыздық портфель бойынша бас менеджер, қаржылық бағдарламалар бойынша менеджер қызметтерін атқарды. 2014 жылы мониторг бойынша менеджер болып тағайындалды.

Ал біздің Жамбыл филиалында үш баланың анасы, көркем де келісті Гауһар Байғараева жұмыс істейді. Ол Қорға 2007 жылдың қыркүйегінде келіп, бұрын қаржылық бағдарламалар бойынша менеджер болып істеген, осы жылдың басынан мониторинг бойынша менеджер міндетін атқаруда.

Назгүл Құрантаева өткен жылы Қордың Ақтөбе облыстық филиалына мониторинг бойынша менеджер санатында қабылданған. Биылғы жыл басынан 53 жоба бойынша мониторингтік есеп жасап, тағы бір рекорд жаңартты.

Бағдагүл Түркменбаева 2007 жылы Орталық Азия Университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстан халық банкіндегі шағын бизнесті қаржыландыру секторында түрлі қызметтерде істеді. 2014 жылы Қорға келіп, 2015 жылдың ақпан айында Бағдагүл мониторинг бойынша бас менеджерлікке тағайындалды.

Атап өтуіміз керек, қызметкерлері жоғары ұпай жинаған «Даму» Қоры филиалдары– Маңғыстау облысы бойынша АФ, ал қызметкерлері оқу курсын барлығынан бұрын аяқтаған филиал – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша АФ.

Біз жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, барлығына кеелсі курстардан табысты өтулеріне тілектестік білдіреміз.