Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қарағанды облысының кәсіпорнына «Аға Сеньорлар» жобасы аясында Нидерландыдан сарапшы келді.

5 тамыз 2015 ж., 08:48

Қарағанды облысының кәсіпкері «Шакиров» ЖК-не «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясындағы «Аға Сеньорлар» компоненті бойынша Нидерландыдан сарапшы келді. Сарапшы жеті күн бойы үйрек етін қайта өңдеу саласында өз тәжірибесімен бөлісіп, кеңес берді.

Шақырылған сарапшының Нол Ниувенхайстың етті қайта өңдеу, үйрек өсіру салаларында, өнімді өңдеу мен сапаны бақылауда 45 жыл тәжірибесі бар.

Жеке кәсіпкер Сымбат Еркебайұлының айтуынша, мемлекеттік қолдаудың бұл түрін пайдалануының себебі, Қарағанды облысында үйрек етін қайта өңдеу саласы болмаған. Осыған орай кәсіпкерге тәжірибесі мол шетелдік сарапшының көмегі қажет болыпты.

Биылғы жылы «Шакиров» ЖК баздың шатырын қайта жөндеуге, жабдықтарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға «Damu StartUp» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау ретінде субсидия мен кепілдік алды.

Атап кетсек, «Аға Сеньорлар» жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында, халықаралық жұмыс тәжірибесі бар, білікті шетелдік сарапшыларды тарту арқылы кәсіпкерліктің әлеуетін нығайту мақсатында іске асырылады. Сарапшыларды тарту мен олардың қызмет көрсетуі мемлекеттік бюджет есебінен төленеді.