Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қостанайлық сүт компаниясы моноқалаларды дамыту бағдарламасымен өркендеуде

28 тамыз 2015 ж., 10:50

Қостанай облысының Рудный қ. орналасқан «Лидер-2010» ЖШС сүт зауыты Қазақстанның ірі сүт зауыттардың құрамына кіреді. Өндірілген өнім - бүкіл Қазақстанға өткізіледі, сонымен қатар 2012 жылдан Ресей Федерациясына экспортқа шығарылады.

 

Азық-түлік желісіне - пастерленген сүт, айран, майлы айран, қаймақ, «Тан» қышқыл сүт сусыны, ірімшіктер кіреді.

Қазіргі кезде компания екінші сүт зауытын іске қосу жобасын жүзеге асыруда. Бұл үшін «Цеснабанк» АҚ-нан қарыз ресімделген болатын. Жалпы жобаның құны – 1 млрд.теңге. «Лидер-2010» ЖШС-і 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттен субсидия алып, пайыздық мөлшерлемені едәуір үнемдейді. Өйткені мемлекет 10% кәсіпкерлер үшін өтейді.

Екінші жоба – 2015ж шілде-тамыз іске асырылады. Жаңа зауыттың өнімділік қуаты ауысымда 20 тоннаға дейін болмақ. Екі зауыттың жалпы қуаттылығы бір ауысымда 50 тоннаға дейін жетпек. Жаңа зауытты ашу аясында 30 жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Өнімді 2-3 аптаға дейін сақтайтын жаңа қаптамадағы азық-түлік желісін шығару жоспарлануда.

«2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламадасына қатысу - кәсіпорынға қосымша мүмкіндіктер берді және айтарлықтай қаржы жүктемесі төмендеді» - дейді компания басшысы Ширяев Владимир Анатольевич.