Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» КДФ АҚ-ның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Ақмола облысының студенттерімен кездесті

2 қыркүйек 2015 ж., 18:55

«Даму» КДФ АҚ-ның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Ақмола облысының студенттері үшін «Даму» Қорымен жастар кәсіпкерлігін қаржылық қолдау» атты семинар өткізді.

Кездесу Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өтті. Семинардың мақсаты жастарды кәсіпкерлік қызметке тарту, өйткені Қазақстанда жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселесі ерекше мәртебеге ие.

Ляззат Ибрагимова семинардың қатысушыларына «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасына қатысу шарттарын, оның ішінде өз ісін бастап жатқан жас кәсіпкерлерге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру және кепілдік ету жайлы, сондай-ақ 18-ден және 29-ға дейінгі жастағы бизнеске-ынталы жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңыздылығын қолдау бойынша жуық арада іске қосылған «Startup Bolashak» бағдарламасы туралы айтты.

Семинар сұрақ-жауап тәртібінде өтті. Студенттердің көбі бизнесті ашу үшін бастапқы капиталы міндетті емес, ал кепілдік ретінде бар-жоғы алған қарыздың 15%-н ұсыну қажет екені қызықтырды. Сонымен қатар «Startup Bolashak» конкурстық бағдарламасына қатысу мүмкіндігі бар, онда конкурстың жеңімпазы өз жобасын жүзеге асыру үшін 7 млн. теңге, 5 млн. теңге және 3 млн. теңге көлемінде грант ала алады.