Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Маңғыстау облысында «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды» жобасының екінші кезеңіне өтінім қабылдау басталды

3 қыркүйек 2015 ж., 09:14

Маңғыстау облысы бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалы «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды» жобасының 01.09.2015 ж. - 09.10.2015 ж. аралығында өтетін екінші раундына өтінімдер қабылдауды бастады.

Жоба мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бизнес бастамаларын дамыту мақсатында берілетін грант есебінен кәсіпкерлікпен айналысу арқылы әлеуметтік теңсіздіктерін еңсеруін қолдайды. Жоба үстіміздегі жыл бойына еліміздің 16 аймағында жүзеге асырылады.

Бір гранттың құны – жобаға қатысушының бизнесін дамытуға мүмкіндік беретін белгілі қызмет түріне қажет жабдықтың бағасына байланысты 100 000-тен 300 000 теңгеге дейін.

Жоба байқауының ұйымдастырушылары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Құс жолы» қайырымдылық қоры.

Дөңгелек үстелге қатысты барлық сұрақтар бойынша сіздер мына телефондарға хабарласа аласыз: 8 /7292/ 70-10-51, 8-702-588-01-63 Абай Момбеков.