Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Назар аударыңыз! Ақмола облысында «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды» байқауының екінші кезеңіне өтінім қабылдау басталды

3 қыркүйек 2015 ж., 18:09

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Казкоммерцбанк» АҚ « Құ с Жолы» қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі ісін жаңа бастаушы және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды» жобасына қатысуға шақырады.

Екінші кезеңге өтінім қабылдау 1 қыркүйектен 9 қазанға дейін Көкшетау қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жүргізіледі.

Жобаға мүгедектігі бар, өз білімі мен машығын азаматтық және кәсіби тұрғыда іске асыруды көздеген, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын ісін жаңа бастаған немесе қызмет атқарып жүрген, кәмелет жасына жеткен Қазақстан азаматтары қатысады.

Жоба мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бизнес бастамаларын дамыту мақсатында берілетін грант есебінен кәсіпкерлікпен айналысу арқылы әлеуметтік теңсіздіктерін еңсеруін қолдайды. Жоба 2015 жыл бойына еліміздің 16 аймағында іске асырылады. Жобаның жалпы бюджеті 14 млн.теңге.

Өтінім үлгісі, оны дұрыс толтыру және құжаттар пакетінің тізбесін мына ресурстардан : www.damu-komek.kz и www.kuszholy.kz . табуға болады. Сонымен қатар толық ақпаратты мына тел.: 8(7162) 551118, 551119 хабарласып біле аласыз.