Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Мемлекеттік қолдау арқасында ОҚО кәсіпкерлері жаңа нарыққа шығуда

9 қыркүйек 2015 ж., 11:15

 2015 жылдың 08 қыркүйегінде «Даму» Қорының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы « Бизнестің жол картасы-2020 » бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында қолдауға ие болған кәсіпорындарға пресс-тур өткізді.

БАҚ өкілдері алдымен осы жылдың маусым айында "Даму" Қорының кепілдігімен жаңа жабдық алу үшін 38,350 млн. теңге көлемінде несие алған «DDEK» ЖШС болды. Кәсіпорын пайыздық мөлшерлемесі 10% жәрдем алды. Яғни қарыз қаражаттың 7% «Даму» Қоры бағдарламасы аясында мемлекет төлесе, қалған 3% кәсіпорын өзі жабады.

Қазіргі таңда «DDEK» ЖШС-і Қазақстан бойынша ауыр жүк автокөлігіне қажет тежегіш (колодкаларын) қалыптарын өндіретін жалғыз зауыт. Еуропалық эко стандартқа сай жаңа құрылғы сериялық өндірісті асбессіз тежегіш қалыбын шығаруға мүмкіндік береді. Жаңа желі ағымдағы жылдың желтоқсан айына іске қосылмақ. Қазіргі күні зауыт тежегіш қалыптардың бір түрімен аймақтың ішкі нарығын қамтамасыз етіп отыр.

«Қазір облысымыздағы әрбір екінші жүк көлігі біздің колодканы пайдаланады деп айтуға болады, - дейді «DDEK» ЖШС басшысы Мұрат Жұматаев. – Күн сайын біз 50 тежегіш колодкасын өндіреміз. Жаңа желі өнімді асбессіз материал негізінде шығаратын болады. Мұндай өндірісті Қазақстанда алғашқы болып біз қолға алып отырмыз және мемлекттік Бағдарлама аясында қолдауға ие болып, жобаны жүзеге асырудамыз».

Тежегіш колодкалары сан мәрте тестілеуден өткізіледі. Зертханалық стендтен бастап түрлі автокөлікте жол сынағынан өткізіледі. Кәсіпорын бұл өнімді Қазақстан мен Орталық Азия нарығына жеткізуді жоспарлап отыр. Зауытта бүгінде 30 адам жұмыс істейді.

«DDEK» ЖШС мұнан өзге шикі резиналық қоспалар мен резинатехникалық бұйымдарды шығарады. 3450 шаршы метр алаңда автокөлікке арналған тежегіш колодкалар, прокладкалар, сайлентблок және т.б. резинадан бұйымдар өндіріледі.

«DL-ЭКО» қазақстан-израйльдық көп салалы клиникасы – журналистер бас сұққан екінші нысан. Медициналық мекеме қазіргі заманғы медицинаның жаңашыл тәсілдерінің көмегімен бедеулікті емдейді. Халықаралық білікті мамандар ұрпақ жаңғыртудың түрлі технологиялары мен экстракорпоральді ұрықтандыруды пайдалана отырып, күрделі операциялар жасайды.

Клиниканың «Даму» Қорымен пайыздық мөлшерлемесі субсидияланатын несиеге алынған жабдықтары қызмет көрсетуді жақсартып, ауқымын кеңейтуге мүмкіндік жасап отыр. Жалпы сомасы 123,3 млн. теңгеге жапонияда жасалған МРТ мен лапароскоптық операция жасайтын бөлмеге жабдық сатып алынды.

«Несие мөлшерлемесі қазіргі жетінің орнына 14%. Бұл қаражатқа жеке клиникасы барлар қол жеткізе алмайтын жабдықтар сатып алдым, - дейді «DL-ЭКО» директоры Борис Гойхман. – Мемлекеттік қолдаудың арқасында біз қосымша құрылғылар алдық. Несие осымен екінші жыл мерзімінде жабылуда».

Бориса Гойхманның айтуынша, клиникадағы диагностика қаладағы жалғыз тәулік бойы жұмыс істейтін әрі бағасы қол жетімді. Мекеменің жұмыс істеу уақыты барысында шығын материалдарының екі есеге қымбаттағанына қарамастан қызмет көрсету құны өзгермеген. Айына бір рет тегін кеңес беру үшін клиника есігі ашық. Қызметкерлер арасында Қазақстанның, Израйль, Өзбекстан, Ресейдің түрлі дәрігерлік мамандық өкілдері бар.

Қазіргі уақытта клиниканың Ташкентте кеңес беру орталығы бар. Медициналық мекеменің емделушілері арасында Шымкент, Алматы, Астана, сонымен қатар Өзбекстан, Чехия және Ұлыбритания тұрғындары бар.

Клиника 2011 жылы Шымкентте ашылған. Оның құрылысы шетелдік жеке инвестицияның есебінен салынған. Зертхана мен операционды блок израильдік мамандардың талабына сәйкес жобаланған.

«Мир стекла Агава» ЖШС-де тілшілер жұмысымен танысқан нысанның бірі. Шыныны декоративтік және өндірістік өңдеумен, айна, декор элементін, суарма әшекей шыныларын, шыны едендер, шымылдық, аквариум, шыныға кең форматты бейнені басып шығарумен айналысады.

2004 жылдан бері нарыққа шыққан өндіріс екі станогымен орташа көлемдегі бөлмеде орналасқан. Қазір кәсіпорын кеңдеу жаңа цехқа көшті. Компания өндірісін ұлғайту үшін жеке инвесторларды тартып, 42,5 млн. теңге көлемінде несие алған. Яғни жылдығы 11% несиенің 4% «Даму» Қоры мемлекет бағдарламы аясында өтейді.

«Даму» Қоры қолдауының арқасында шығаратын өнім түрін көбейту үшін түрлі қызмет атқаратын станоктар сатып алынған. Құрылғы, механикалық әрекеттен өзге (майыстыру, құю, дәнекерлеп бекіту), шыныдан толыққанды көркем төсем жасап шығаруға мүмкіндік береді. Бейнелер көлемді және дөңес немесе жазық болуы мүмкін. Осы жылы Тараз және Қызылорда қалаларында «Мир стекла Агава» ЖШС өкілдіктері ашылды.

«Монтаж және құрылыс жұмыстарымен айналысатын компаниялардың біздің өнімге сұраныстары артып отыр, - дейді компания басшысы Мұратжан Мурзаев. – Бұл өнімнің баламасы осы аймақтарда жоқ. Бұрын компаниялар шыныға тапсырысты Алматыға беретін. Қазір бізбен жұмыс істеуде».

ЖШС келешекте осы қалалардың бірінен шағын цех ашуды жоспарлап отыр. Кәсіпорында қазір 16 адам еңбек етеді. Автопаркте төрт жүк көлігі бар.

Жалпы ОҚО бағдарламаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінен бастап 119,4 млрд. теңге сомасындағы 429 жоба бойынша келісім-шарт жасалған.

Қала кәсіпкерлерімен несие бойынша ішінара кепілдік тағайындауда жалпы сомасы 3 ,5 млрд. теңгенің 70 келісім-шарты жасалған («Даму» Қорының ішінара кепілдік соммасы 1,5 млрд теңгені құрайды). Шымкент қаласы аумағынан тыс кепілдеменің жалпы сомасы – 732,0 млн.теңгеден астам 32 бизнес-жоба қолдауға ие болды.

«Аймақтағы өз саласын иемденген ШОБ өкілдері, заманауи жабдықтарды сатып алу арқылы шығындарын қысқартып әрі өз мүмкіндіктерін кеңейтуде, - дейді ОҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті қолдау» АҚ аймақтық филиалының директоры Бақыт Мұсаев. – Қолдау жобаларының бір бөлігі өнімдер мен қызмет түрлерін Қазақстан мен Орталық Азия нарығына шығаруға бағытталған».