Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Назар аударыңыздар! Тараз қ. КҚКО «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша оқу басталады

16 қыркүйек 2015 ж., 10:42

17-18 және 23-24 қыркүйек күндері, Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» аймақтық филиалының Кәсіпкерлерге қызмет көсету орталығында, «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша оқу курстары басталады.

Оқытудың мақсаты: ресурстардың барлық түрлерін (уақыт, қаржы, адам, шикізат) тиімді басқаруға, білім мен дағдыларын дамыту. Оқуды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатаның бизнес тренерлері өткізеді.

Оқыту барысында алынған білімі мен дағдылар, кәсіпкерге кәсіби жобаның (бастамашылық, жоспарлау, іске асыру, аяқтау) барлық кезеңдерін жүзеге асыруға және жоба мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Әр бөлімде, кәсіпкердің өз бизнесіннің мысалында бірқатар практикалық тапсырмалар мен жаттығулар жүргізіледі, ол алған практикалық дағдыларды бірден бекітуге мүмкіндік береді.

Іс шараға Жамбыл облысы мен Тараз қаласының жұмыс істеп жүрген және ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлері қатыса алады.

Оқу мерзімі: 17-18 және 23-24 қыркүйек

Семинарлардың өту уақыты: сағат 11.00 – 13.00

Толығырақ ақпарат алу үшін, мына мекен-жайдағы нөмірлерге хабарласыңыздар: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 94, 8/7262/999-470, 8/7262/999-472.