Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

30 қазанда Қостанай қ. «Қақтығыстарды басқару» атты әйел-кәсіпкерлерге арналған тегін тренинг өтеді

21 қазан 2015 ж., 10:33

Құрметті Қостанай қаласының әйел-кәсіпкерлері! Сіздерді 30 қазанда өтетін «Қақтығыстарды басқару» атты тегін тренингке шақырамыз.

Келіссөздерде түсініспеушілікпен біз қаншалықты жиі кездесеміз? Серіктес, әріптес, қызметкерің болсын, шамадан тыс талап ететін жағдайлар кездеседі. Біздің қойған талаптарымызға таң қалып, «орындау мүмкін емес»,- деп жататын кездер болады. Келіссөздердегі қақтығыстар бұл сирек кездесетін жағдай емес, олар қайдан келетінің және бұндай жағдайлардан қалай шығу керек екенің түсіну маңызды. Осы мәселелер тренингте талқыланады.

Тренинг іскерлік ойын түрінде өтеді.

Өтетін күні мен орны: 30 қазан 2015 жыл, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 65, "Бизнес Орталық", Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 2 қабат, 201 кабинет (конференц-зал).

Өтетін уақыты: сағат 11.00 – 13.00 аралығында.

Қатысушылар саны шектеулі.

Толық ақпарат алуға және жобаға қатысуға өтінім беру үшін келесі телефон бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8 7142 990300 (ішкі нөмір 3621)