Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қордың Қостанай филиалы «Жылдың үздік жас кәсіпкері» Республикалық байқауына қатысуға жас кәсіпкерлерді шақырады!

21 қазан 2015 ж., 14:12

«Жылдың үздік жас кәсіпкері» байқауы кәсіпкерлікпен айналысып жүрген талантты жастарды қолдау үшін, сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне маңызды ықпал ететін кәсіпкердің ұнамды бейнесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Байқауға 18 бен 29 жас аралығындағы кәсіпкерлер қатыса алады. Сарапшы әділ қазылар қатысушыларды 8 аталым бойынша бағалайды:

- «Сауда/қызмет көрсету саласындағы жылдың үздік жас кәсіпкері»;

- «PR және маркетингсаласындағы жылдың үздік жас кәсіпкері»;

- «Өндіріс саласындағы жылдың үздік жас кәсіпкері»

- «Ақпараттық технологиялар саласындағы жылдың үздік жас кәсіпкері»;

- «Жыл Арыны» (бизнестегі өсу қарқыны);

- «Жылдың әйел кәсіпкері»;

- «Жылдың әлеуметтік-жауапкершілікті үздік кәсіпкері»;

- «Үздік старт-ап».

Байқаудың әділ қазылар құрамына алдыңғы қатарлы кәсіпкерлер, танымал қоғам қайраткерлері, мемлекеттік билік ұйымдарының, БАҚ, ҚР ЖОО-ның өкілдері кіреді.

«Жылдың үздік жас кәсіпкері» байқауының ақтық сыны мен жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Алматы қ. жастар кәсіпкерлігінің Республикалық Форумы аясында 2015 жылдың 11 қарашасында өтеді.

Байқау жеңімпаздары естелік статуэткалармен, дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2015 жылдың 30 қазанына дейін.

Қатысуға өтінім, сонымен қатар Байқауға байланысты мәселелерді мына электронды адреске : konkursmp2015@gmail.com жіберуіңізді немесе мына телефон номеріне +7 727 3911264 хабарласуыңызды өтінеміз .