Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Ақтөбе облысының кәсіпкерлері мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен танысты

27 қазан 2015 ж., 10:27

23 қазанда Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер Палатасы Мәртөк ауданының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Шараға Даму Қорының аймақтық филиалының, қаржы институттары мен аудандық әкімдіктің өкілдері қатысты.

Кездесуде кәсіпкерлік бөлімі мен аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалы ағымдағы жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарды.

Субсидиялау мен кепілдендіру бойынша бас менеджер Айнагүл Байдәулетова кәсіпкерлер іске асырылатын жоба құнынан 15% кепілзатты қойып анағұрлым төмен пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыру алуға болатын «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасының талаптары мен механизмдері жайлы айтты.

Мұнан соң «ҚазАгро» АҚ құрылымдарының өкілдері өз бағдарламаларымен таныстырды.

Кәсіпкерлердің көбін ауылдық жерлерден кепілзат алынады ма әрі оның төлемпаздық коэффициенті қанша болатындығы қызықтырды.

Шара сұрақ-жауап түрінде өтті. Кәсіпкерлер алған ақпараттарына көңілдері толып, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы кәсіпкерлерді жиі ақпараттандырып тұрса деген тілектерін білдірді.