Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі 4 кәсіпкер «Жұлдыздарға қара» жобасының гранттық қолдауын алды

5 қараша 2015 ж., 09:37

Солтүстік Қазақстан облысында «Жұлдыздарға қара» – «Посмотри на звезды» мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша байқау жобасының бірінші раундының жеңімпаздары анықталды. Айта кету керек, бұл жоба аясында Казкоммерцбанк қаржы ресурстары біріктіріліп, «Даму» Қорының кәсіпкерлермен жұмысы мен «Құс Жолы» Қорының қайырымдылық ісінің тәжірибесі жолға қойылған.

Байқаудың бірінші раунды бойынша қайтарымсыз грантқа төмендегі жеке кәсіпкерлер ие болды: Сергей Сапко, 1 топтағы мүгедек (Петропавл қ.), Вениамин Боровко, 2 топ мүгедегі (Петропавл қ.), Бақыт Құсаинов, 2 топ мүгедегі (Петропавл қ.), Айсұлу Есманова, 3 топ мүгедегі (Есіл ауданы).

Байқау жеңімпаздарына грант қаражатына ағаштан бұйым жасау ісін дамытып, кеңейтуге, сусындар өндірісін, тастан бұйымдар қашау және тігін шеберханасын дамыту үшін жабдықтар сатып алынды.

Жоба аясында бизнес идеясы бар өтінімдер СҚО бойынша Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданды. Мүгедек кәсіпкерлердің өз бизнесін дамытуға қосымша жәрдем сонымен қатар кәсіпкерлік істі жүргізудегі ілеспе кеңес беру қызметін, бизнес жоспарлау бойынша оқуға және Даму Қорының КҚКО базасында бизнесті мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік берді.

«Жұлдыздарға қара» байқау жобасы Солтүстік Қазақстан облысында биылмен үшінші жыл жүзеге асырылуда. Атап өту керек, байқау жеңімпаздарына арналған грант сомасы жоба жүзеге асырылғалы 300 000 теңгеге дейін өсті. СҚО жоба іске асырыла бастағалы байқау қазыларымен мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерден 30 жуық өтінім қаралып, оның 13-і грант алды.