Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

12 қарашада СҚО КҚКО «Тауарлар мен қызметтерді сарапшылық-несиелік қолдау» атты семинар өтеді

9 қараша 2015 ж., 16:23

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері! 12 қарашада Даму Қорының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында «Тауарлар мен қызметтерді сарапшылық-несиелік қолдау» атты КазЭкспортГаранттың семинары өтеді

Шараның мақсаты: шетелдік нарыққа шығуды жоспарлайтын және экспорт жасайтын кәсіпорындар үшін КазЭкспортГарант АҚ-нан экспорттаушыларды қолдау бағдарламасы бойынша білім деңгейін көтеру.

Семинар барысында Сіз КазЭкспортГарант АҚ мамандарынан экспорттаушыларды қолдау өнімдері жайлы, атап айтқанда: экспорттаушының несиесін сақтандыру, экспорттық сауда қаржыландыру, экспорттаушыны экспорт алдында қаржыландыру, құжаттық операцияларды сақтандыру, инвестицияны сақтандыру және т.б. білетін боласыздар. Сонымен қатар сіздер экспорттық бағыттағы кәсіпорындарды қолдаудың өзге де құралдары бойынша Сізді қызықтырған мәселелерге жауап ала аласыз.

Мекен-жайы: Петропавл қ., Жамбыл көшесі, 191, «Даму» Қорының КҚКО ғимаратындағы 2 қабаттағы мәслихат залында. Семинар сағат 11-00 - 13-00 өтеді.

Назар аударыңыз, тіркелу үшін Сіз өтінімді мына е-mail: Gulmira.Zhakupova@fund.kz жіберіп немесе мына телефонға 8(7152) 55-98-11 хабарлассаңыз болады. Байланыс телефондары : 8(7152) 55-98-11, 8-701-390-34-78