Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Өскеменде "Салық тексерістерін өткізудің құқықтық аспектілері. Шағымдану бойынша практикалық ұсыныстар" атты семинар өтті

3 желтоқсан 2015 ж., 14:40

Өткен аптада Өскемен қаласындағы Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету орталығында (КҚКО) "Салық тексерістерін өткізудің құқықтық аспектілері. Шағымдану бойынша практикалық ұсыныстар" тақырыбында семинар өтті. Оны өткізген GRATA заң фирмасының аға заңгері - Қанат Әділбеков.

Шараға келесі компаниялар өкілдері қатысты: «DoSSenim» ЖШС, «Өскемен конденсаторлық зауыты» ЖШС, «Индустриальная компания» ЖШС, «СКРП Полиус» ЖШС, «Өскемен май зауыты» ЖШС, «Тарбағатай Мұнай» ЖШС, «Проксима» ЖШС, «А второй Уаз Газ» ЖШС, «Копи Лайт» ЖШС, «Восток СибТранс» ЖШС, «NPMarketAsia» ЖШС, «Азия Авто» ЖШС, «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ, «Ертіс» ӘКК ҰК АҚ, «Геологоразведочная компания Топаз» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Изотоп Транс Сервис» ЖШС.

Семинар аясында дәріс оқушы салық тексерістерін өткізудің ең өзекті сұрақтарын, сондай-ақ, салық тексерістерін сүйемелдеу бойынша тәжірибелік ұсыныстарды, салық тексерістері нәтижелеріне шағымдану тәртібіне, салық тексеріктерінің нәтижелері бойынша шығарылған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға шағымдану тәртібін және әкімшілік өндірісті қозғады. Семинар кәсіпкерлерге салық заңнамасы облысында тәжірибелік білім алуға мүмкіндік берді.

Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар ұсынылды. Ал қатысушылар дәріс оқушыға және "Даму" Қорына аталған шараны ұйымдастыру үшін алғыс білдірді.