Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қызылорда облысында «Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңімен тағылымдамаға аттанатын жеңімпаздар анықталды

4 желтоқсан 2015 ж., 15:30

«Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңімен 2016 жылы Германияға 4 апталық тегін тәжірибеден өтуге баратын Қызылордалық кәсіпкерлер анықталды. Бұл тізімге енген жергілікті кәсіпкерлер Жанна Аманова – "Keysource Казахстан " ЖШС директоры және Бахтияр Алиев- «Жанай Тазалық Сервис» ЖШС химиялық-тазалау цехының директоры.

Кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламаның «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында бірінші кезеңде 2 апталық оқыту курсынан өтті. Тақырыптық бизнес-тәжірибеден өтуге өтініш берген қатысушылар өз бизнесінің дамуына жасалған бизнес-жоспарларын сәтті қорғап шықты. Сонымен қатар, іс-тәжірибеге баратын кәсіпкерлерді халықаралық комиссия мүшелері анықтады.

Қызылордалық топ-менеджерлер бизнес-тәжірибеде өз бизнесін дамыту мақсатында шетелдік компаниялармен іскерлік байланыс орната отырып, жаңа қадамдар қарастыруды жоспарлайды.

Алиев Бахтия, Германиядан өзінің кір жуу және химиялық тазалау цехына жаңа технология сатып алуды, соның нәтижесінде токыма матадан жасалған өнімдерді тазалаудың соңғы үлгідегі модельдерін ендіруді мақсат етіп отыр.

Жобаның екінші қатысушысы Жанна Аманова қазіргі таңда өз бизнесін әртараптандыру мәселесі туындап отырғанын атап өтті. "Keysource Казахстан" ЖШС 5 жылдан бері бизнес-ханымның басқаруында мұнай-газ компанияларына құрал-жабдықтар жетізумен және консалтингтік қызметтер көрсетумен айналысып келеді. Бизнес-тағылымдамадан өткен соң топ-менеджер келесі кезекте күнбағыс дәнегін қаптамамен шығару өндірісін қолға алып, жаңа бизнес-бағытты ашуды көздейді.