Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қарағанды қ. кәсіпкерлер үшін «Дағдарыс жағдайында кәсіпорын жұмысын оңтайландыру» атты семинар-тренинг өтеді

21 желтоқсан 2015 ж., 12:49

23-24 желтоқсанда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы «Финансовое Бюро Акша Алемі» ЖШС-мен бірлесе отырып кәсіпкерлерге арналған «Дағдарыс жағдайында кәсіпорын жұмысын оңтайландыру» атты 2 күндік семинар-тренинг өткізеді.

Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылады:

- Несиені бойынша уақытында өтемеу: себептері және салдары;

- Несиені уақытында төлемеген жағдайда банктермен қалай сөйлесу керек?

- Борышты өндіріп алу кезіндегі банк жұмысының негізгі қағидалары;

- ШОБ үшін банкті қалай таңдау?

- Кәсіпорын қаржысына талдау жүргізу;

- Қаржы ағындары – жоспарлау, болжау және т.б.

Сонымен қатар, семинар барысында «Даму» Қоры аймақтық филиалы менеджерлері «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы щеңберінде кепілдік және субсидия құралдары арқылы жеңілдетілген несие алу механизмдерін түсіндіреді.

Семинардың өту күні және уақыты: 23-24 желтоқсан, сағ.10.00-16.00

Семинардың өтетін орны: Қарағанды қаласы, Ұүрылысшылар даңғылы, 4, ҚҚКО лекция залы, 1 қабат.

Семинарға өнімді өндіру мен қызметтерді көрсету саласындағы жас және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер шақырылады. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

Назар аударыңыздар, семинарға кіру алдын ала тіркелу бойынша жүргізіледі. Тіркелу үшін мына телефон бойынша жүргізіледі: 55-90-20, 55-90-22, эл.пошта: k.abdikalikov@fund.kz, Нургуль Сулейменова.