Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму-Қолдау» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат

26 наурыз 2010 ж., 14:11

ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (одан әрі – ШОКС) қаржыландыру туралы 10.02.2009 ж. № 17-5/И-144 шешімін іске асыру мақсатында және ҚР Үкіметінің 13.02.2009 ж. № 148 Қаулысына сәйкес, 2009 ж. 16-шы ақпанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на (одан әрі – Қор) 14.02.2009ж. №8/МСБ Кредит шартына сәйкес 3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.

«Даму-Қолдау» бағдарламасының мақсаты - шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу және Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісінде олардың рөлін күшейтуге бағытталған. Бағдарлама шарттарын республикалық және аймақтық БАҚ-та және Қор сайтында жариялау нәтижесінде, сонымен қатар аймақтық мемлекеттік атқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен (Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы, «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы, Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясы, Франчайзинг агенттігі) және екінші деңгейдегі банктермен (одан әрі – ЕДБ) өзара әрекеттесу нәтижесінде, 01.07.2009 ж. бастап 300-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері Қорға кеңес сұрап, өтініш білдірген, олардан жалпы сомасы 40 млрд. теңгеге дейінгі 143 жобаны қарастыруға өтінім келіп түскен. Келіп түскен өтінімдердің ішінен 10 жоба бойынша қарыз беру туралы келісімшарт жасалды және олар негізгі мына талаптарға сай келеді:

· өңдейтін өндірісті құру немесе жаңғырту;

· кластерлер мен жаңа технологиялар трансфертін дамыту;

· бәсекеге қабілетті, импорталмастырушы және экспортқа шығаруға бағдарланған тауарлар мен қызметтерді шығару;

· сәтті отандық және шетелдік бизнес үлгісін (франчайзингті) қайталау;

· жаңа жұмыс орындарын құратын әлеуметтік мағынасы бар бағыттар қалыптастыру;

01.03.2010 ж. жағдай бойынша 3 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба бойынша қарыз беру туралы келісімшарт жасалып, 2 139 110 мың теңгені құрайтын 9 жоба қаржыландырылды:

- «Тағам-Регион» ЖШС – ұн және ұннан дайындалатын өнімдер шығару;

- «BRANDO» ЖШС – бір реттік шприцтер өндірісі;

- «Raimbek-Vostok-Agro» ЖШС – ұзақ сақталатын сүт өнімдерін шығару;

- «АЙТҰМАР ИНВЕСТ» ЖШС – туристік қызмет, қонақ үй бизнесі;

- «Союз» Сауда үйі» ЖШС – рапс өндіру;

- «Казспецремонт-2000» ЖШС - автожөндеу және көлік жуу орталығы;

- «Компания «Аманат ЛТД» ЖШС – дәнді дақылдарды өңдеу ;

- «Мулен» ЖШС - ұн және ұннан дайындалатын өнімдер шығару;

- «Злак плюс М» ЖШС – макарон өнімдерін шығару;

- «Mediсal Park» ЖШС – медициналық қызмет (қаржыландыру 2010 ж. сәуір айынан басталады);

Жобаларды қаржыландыру қарыз алушылардың «Даму» Қоры атына банк тарапынан берілген Кепілдік міндеттемені тапсыру ретіне қарай және әр жоба бойынша белгіленген қол жетімділік мерзімі шеңберінде жүзеге асырылуда.

Бағдарлама шеңберінде Қазақстанның 7 облысынан түскен мынадай жобалар қаржыландырылды:

Айма қ

Жобалар саны

Жобалардың жалпы құны

Қордан берілген қарыз сомасы

мың . те ң ге

%

мың . те ң ге

%

1

ШҚО

1

1 710 400

33%

750 000

25%

2

Алматы қаласы

2

1 457 000

28%

1 110 889

36%

3

Қостанай облысы

3

879 015

17%

624 641

21%

4

Қарағанды облысы

1

12 020

0%

11 000

1%

5

Атырау обл ысы

1

675 000

13%

329 000

11%

6

С Қ О

1

425 800

8%

150 000

5%

7

А қтөбе облысы

1

50 000

1%

24 470

1%

Жиынтығы

10

5 209 235

1

3 000 000

1

Салалық кескіндеме бойынша жобалардың құрылымы төмендегідей:

Сала атауы

Жобалар саны

Жобалардың жалпы құны

Қордан берілген қарыздардың жалпы сомасы

мың . те ң ге

%

мың . те ң ге

%

1

А/ш өнімдерін өңдеу , тамақ өнімдерін шығару

6

3 065 215

59%

1 549 111

52%

2

Қызмет көрсету

3

1 469 020

28%

1 121 889

37%

3

Өңдеуші өндіріс

1

675 000

13%

329 000

11%

Жиынтығы

10

5 209 235

1

3 000 000

1

Ақпарат үшін

ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік Комиссия отырысының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі 10.02.2009ж. №17-5/И-144 шешімін жүзеге асыру мақсатында және Қорға шағын және орта бизнесті тікелей қаржыландыру үшін кредит берілуін мақұлдау жөніндегі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (одан әрі-Акционер) Директорлар кеңесі отырысының 13.02.2009ж. №9 шешіміне сәйкес «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на шағын және орта бизнес субъектілеріне осы Бағдарламамен анықталатын шарттармен кредиттік қаржы беру мақсатында 3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінген болатын. Қор шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарына 2009-2012 жылдары тікелей кредит беретін «Даму – Қолдау» Бағдарламасын дайындады. Бұл несие қайтарымдылығы, ақылылығы, мерзімі мен қамтамасыз етілуі шарт етілген мақсатты түрде пайдаланылуға берілетін қарыз.

Екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлер қарызға алатын барлық сомаға және барлық мерзіміне сөзсіз және қайтарып алынбайтын кепілдік берулері керек. Қаржыландыру мерзімі: 2016 жылғы қаңтарға дейін, 78 айға дейін инвестициялық мақсатқа және 36 айға дейін айналым капиталын толықтыруға беріледі. Бір қарыз алушыға берілетін лимит: 750 000 000 теңгеге дейін. Негізгі қарызды қайтару бойынша және есептелген сыйақыны кейінге қалдыру бойынша жеңілдік мерзімі: 12 айға дейін. Қарыз алушы үшін сыйақы мөлшері міндеттеменің қамтамасыз етілуіне ЕДБ берген кепілдігі бойынша сыйақыны есепке ала отырып, жылдығы 12,5% аспауға тиіс.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ баспасөз қызметі:

Тел: 8-(727)244- 55-66 ( іш.н 244); факс: 244- 82-64;