Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Атырау қаласында жаңа іс бастаған кәсіпкерлерді бизнес басқаруға оқыту басталды

1 наурыз 2016 ж., 17:38

Атырау қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 1 наурыздан бастап жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерге арналған «Жаңа бизнес ашуды қолдау» атты үш күндік оқыту шарасы басталды. Бұл «Даму» қорының 2018-2015 жылдарға арналғанкәсіпкерлердің біліктілігін арттыру мақсатындағы біріңғай бағдарламасы аясында мүмкін болып отыр.

Жоба мақсаты - халық арасында үшін құзыретін арттыру арқылы, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру болып табылады. Осылайша старт-ап жоабалар қолға алынып, кейіннен жемісті бизнеске айналады деп көзделіп отыр. Сондай-ақ бұл жобаларға қаржыландыру көздеріне қол жеткізу мүмкіндіктерін де көбейтпек. Тренерлер Жұмажан Үмбетжанов пен Самат Смадьяров («Консул» ЖШС «Консалтингтік компаниясы3 күн бойы ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнесін қалай бастау және жүргізуді, бизнес – жоба жасау және заң аспектілерін үйретеді.