Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» қорының Солтүстік Қазақстан бойынша аймақтық филиалы 2015 жылдың жұмысын қорытындылады

10 наурыз 2016 ж., 15:13

09 наурыз күні Петропавл қаласында «Даму» қорының аймақтық филиалы өз жұмысын қорытындылады. Филиал басшысы Мереке Сыздықов жиналғандарға бизнесті қолдау және дамытудың «БЖК 2020» біріңғай бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері туралы әңгімелеп берді.

Бизнесті қолдау және дамытудың «БЖК 2020» біріңғай бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалында жалпы құны 47 млрд теңге болатын 461 жобаға қол қойылды.

Олардың ішінде 2015 жылы жалпы несие қоржыны 10 млрд.теңгеге жуық (9,97 млрд. тенге) 118 субсидиялау туралы келісім-шартқа қол қойылды.

2010-2016 жылдар аралығындағы облыс кәсіпкерлеріне бөлінген жалпы субсидия көлемі шамамен 3 млрд.теңгені құраса, оның ішінде 2015 жылы төленген субсидиялар 877 млн. теңгеден асқан.

Аймақта субсидиялаудан «Қазақстан халық Банкі», «Сбербанк» АҚ және «Центр Кредит Банкі» алда тұр.

2015 жылы субсидия алған ең ірі жобалар қатарында «Таткрафт» балалар ойын-сауық орталығы» ЖШС, «Рим-КазАгро» ЖШС, «DEZ» ЖШС, «Адель Құс» ЖШС бар.

Салалық бөлікте субсидиялаудың көмегіне көбінесе өңдеу өндірісі саласында жүрген кәсіпкерлер жүгінеді (36% - 193 жоба). Көлік және сақтау қоймасы саласының үлесі 35 %-бен 184 жоба болса, ауыл, балық және орман шаруашылығы саласында 11 %-бен 56 жоба болған.

 

Кәсіпкерлерге кепілдік беру аясында «Даму» қоры жалпы несие қоржынының құны 4,77 млрд.теңгені құрайтын 132 кепілдеме берсе, берілген кепілдеме сомасы 2 млрд. теңге болып отыр.

Оның ішінде 2015 жылы облыста 69 кепілдеме келісім-шартына қол қойлып, олар бойынша кепілдік құны 944 млн. теңгеден асты.

«Даму» қорының кепілдігінің арқасында 2015 жылы қаржылай көмек алған ірі кәсіпорындар қатарында «Атай-СК» ЖШС, «Центр Лечебной Стоматологии» ЖШС, «Север Интеркабель» ЖШС, «Мазеев Виталий Викторович» ЖК тұр.

«Денталия clinik» ЖШС, «Мушраунов Жанат Хамитович» ЖШС ЖК, «МИР - ТРАНС» ЖШС және «Ludmila» ЖШС ЖК ұсынған 4 жоба старт-ап жобалар бойынша 85 пайыздық кепілдік алды.

Мемлекеттік кепілдеме бойынша бөлінген несиелерді салалап қарар болсақ: өңдеу өнеркәсібі – 33 % (44 жоба), көлік және сақтау қоймалары – 33 % (43 жоба), көтерме және бөлшек сауда, автокөліктер жөндеу – 14 % (18 жоба) көрсеткішке ие.

«Даму» қорының Солтүстік Қазақстан бойынша филиалы 2016 жылы бизнесті қолдау және дамытудың «БЖК 2020» біріңғай бағдарламасына субсидиялау бойынша қатысушылар санын кем дегенде 10 пайызға арттыруды жоспарлап отыр. Бұл мақсатта 1,4 млрд. теңге бөлінген. 131 млн теңге негізгі қаржыға қарастырылған.

Кепілдендіру бойынша құны 1 млрд теңге болатын 70 кепілдеме беру көзделген.

2015 жылы Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығында 2 578 клиентке қызмет көрсетіліп, 4 809 кеңес берілген. Осы жылдың 2 айы ішінде 649 клиентке 945 қызмет түрі көрсетілген.

КҚКО мамандары ай сайын екінші деңгейлі банктер арқылы бизнесті қолдау және дамытудың «БЖК 2020» біріңғай бағдарламасы бойынша қаржыландырылатын 5-тен астам бағдарламаға жетекшілік етеді. Тоқсан сайын аталған бағдарламаға қатысу үшін КҚКО негізінде 10-нан астам бағдарлама дайындалады.

Бұл орталықтың көп клиенттері кеңес алған соң өз бизнестерін ашып, мемлекеттің кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларына, оның ішінде оқыту бағдарламаларына қатысып жатады.

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығының қызметі бойынша 2015 жылы облыста 124 жаңа ашылған шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде 39-ы 18-29 аралығындағы жастар.

2015 жылдың наурызы мен қараша айларының аралығында Кәсіпкерлерге қолдау көрсететін көшпелі орталықтың жұмысы аясында ауылдар мен аудан орталықтарына 76 рет сапар ұйымдастырылып, Қордың кәсіпкерлерге арналған қаржылық және қаржылай емес көмектері бойынша 900-ден астам кеңес берілген.

Сонымен қатар өңірдің кәсіпкерлері бизнесті қолдау және дамытудың «БЖК 2020» біріңғай бағдарламасының аясындағы басқа да қаржылық емес қолдау түрлерін жемісті пайдаланып келеді. Атап айтқанда:

- «Назарбаев Университетінің» жанындағы бизнес-мектепте «ШОБ топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша кәсіпорындардың 57 басшысы білім алды. Олардың ішінде 13-і 2015 жылы оқыған.

- «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 77 кәсіпкер оқыса, оның 17-сі 2015 жылы білім алған.

Мұнымен қатар, 2015 жылы Нидерландтық мамандардың 2 сарапшылық миссиясы да жемісті болды.

2016 жылы ақпан айында ауыл тұрғындары мен студент жастарды өз кәсіпкерін сауатты құрып, жүргізуге оқытып, үйретуге арналған жаңа жоба қанат қақты. Кәсіпкерлер қатарына студент жастарды тарту үшін ақпан айында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен арада меморандумға қол қойылды.

«Даму» қоры мұнымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне де жіті көңіл бөледі. 2015 жылы Қор арқылы ісін жаңа бастаған және кәсібі бұрыннан бар 11 адамға қолдау көрсетілген.

«Даму» қоры жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламалары бойынша кеңес алам деушілер Петропавл қаласындағы Ж.Жабаев көшесі, 191 үй, 1 қабаттағы «Даму» қорының КҚКО келсе болады.